11 жалпы ақыл-кеңестер, Күту менен тазалау, 1 сыртын тазалау – Инструкция по эксплуатации Electrolux EWW51696SWD

Страница 28: 2 қақты тазалау, 3 тазалап жуу, 4 есік тығыздағышы

Advertising
background image

ЕСКЕРТУ!

Матасы қыжымдалып

немесе отырып қалмас

үшін кірді қатты

кептірмеңіз.

13.11 Жалпы ақыл-кеңестер

Орташа кептіру уақыттарын "Кептіру

бағдарламалары" кестесінен қараңыз.

Тәжірибеңіз кірді жақсырақ кептіруге

көмектеседі. Бұрынғы кептіру

циклдарының уақыттарын жазып

қойыңыз.
Кептіру циклының соңында статикалық

тоқ пайда болмас үшін:
1. Жуу циклы кезінде мата

жақсартқышты пайдаланыңыз.

2. Кір кептіргіш машиналарға

арналған арнайы мата

жақсартқыштарды пайдаланыңыз.

Кептіру бағдарламасы аяқталған бетте

кірді алыңыз.

14. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

ЕСКЕРТУ!

Қауіпсіздік тарауларын

қараңыз.

14.1 Сыртын тазалау

Құрылғыны сабын мен жылы сумен

ғана тазалаңыз. Барлық беттерін

әбден құрғатыңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ

Спирт, еріткіш немесе

химиялық заттарды

қолданбаңыз.

14.2 Қақты тазалау

Сіз тұратын жердегі су өте кермек

немесе орташа кермек болса, кір

жуғыш машинаға арналған қақ

тазалайтын құралды қолдануды

ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл

тексеріп, әк және тот бөлшектерінің

жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір

жуғыш машиналарға арналған арнайы

құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бұны

кір жумай тұрғанда орындаңыз.

Бұйымның орамында

көрсетілетін нұсқауларды

әрқашан орындаңыз.

14.3 Тазалап жуу

Төмен температура бағдарламаларын

қолданғанда барабанда шамалы

жуғыш зат қалып қоюы мүмкін.

Тазалап жуу процедурасын уақытылы

орындаңыз. Ол үшін:
• Барабаннан барлық кірді алыңыз.

• Мақта мата бағдарламасын

шамалы жуғыш зат салып, ең

жоғары температураға қойып

таңдаңыз.

14.4 Есік тығыздағышы

Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп,

ішіндегі заттардың барлығын алыңыз.

www.electrolux.com

28

Advertising