Есікті төтенше жағдайда ашу – Инструкция по эксплуатации Electrolux EWW51676SWD

Страница 35

Advertising
background image

Ақаулық

Ықтимал шешімі

Құрылғы кептірмейді

немесе дұрыс

кептірмейді.

Су құбырының шүмегін ашыңыз.

Су төгетін сүзгінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Кірдің салмағын азайтыңыз.
Дұрыс циклдың орнатылғанына көз жеткізіңіз. Қажет

болса, қайта қысқа кептіру циклын орнатыңыз.

Кірге түрлі түсті қыл-

қыбыр көптеп

жабысқан.

Алдыңғы цикл кезінде мамығы шығатын немесе басқа

түсті мата жуылған:

• Кептіру циклі түктердің біразын кетіруге көмектеседі.

• Киімдерді қыл-қыбыр тазалағышпен тазалаңыз.
Барабан ішіне тым көп қыл-қыбыр жиналып қалса,

арнайы бағдарламаны (қосымша ақпаратты “Матаның

қыл-қыбыры" тарауынан қараңыз) қосып тазалаңыз.

Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап

жалғасады.

Ақаулық қайта орын алса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бейнебетте басқа ақаулық кодтары көрсетілсе. Құрылғыны сөндіріңіз де, іске қосыңыз.

Ақаулық жалғаса берсе, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

16. ЕСІКТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА АШУ

Егер тоқ сөніп немесе құрылғы жұмыс

істемей қалса, құрылғының есігі

бекітулі тұрады. Тоқ қайта қосылғанда

жуу бағдарламасы жалғасады. Егер

құрылғы істемей қалғанда есігі бекітулі

қалса, оны төтенше жағдайда ашу

функциясымен ашуға болады.
Есікті ашу алдында:

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ

ЕСКЕРТУ!

Судың температурасы

мен кірдің ыстық емес

екеніне көз жеткізіңіз.

Егер қажет болса,

салқындағанша күтіңіз.

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ

ЕСКЕРТУ!

Барабанның айналмай

тұрғанына көз жеткізіңіз.

Егер қажет болса,

барабан айналмай

тоқтағанша күтіңіз.

Барабан ішіндегі судың

деңгейінің өте жоғары

емес екеніне көз

жеткізіңіз. Егер қажет

болса, төтенше жағдайда

төгу тәсілімен төгіңіз

(«Күту менен тазалау»

тарауының «Суды

төтенше жағдайда төгу»

тармағын қараңыз).

Есікті ашу үшін төмендегі әрекетті

орындаңыз:
1. Құрылғыны сөндіру үшін ВКЛ/

ВЫКЛ түймешігін басыңыз.

2. Ашаны розеткадан суырып

алыңыз.

3. Сүзгі қалқанын ашыңыз.

4. Төтенше жағдайда құлыпты ашу

тетігін төмен басып тұрып, құрылғы

есігін ашыңыз.

ҚАЗАҚ

35

Advertising