2 оңай кетпейтін дақтар, 3 жуғыш заттар мен үстемелер, 4 қоршаған ортаға қатысты ескерім – Инструкция по эксплуатации Electrolux EWW51697SWD

Страница 27: 5 су кермектігі

Advertising
background image

• Қалталарды босатып, оралған

заттарды ашыңыз.

• Көп қабатты матадан, жүн матадан

және сурет салынған киімдердің

астарын сыртына аударыңыз.

• Қатты дақтарды кетіріңіз.

• Қатты дақтарды арнайы жуғыш

затпен жуыңыз.

• Перделерді абайлап жуыңыз.

Ілгектерін алыңыз немесе

перделерді кір жуатын торға немесе

жастықтың тысына салыңыз.

• Көмкерілмеген немесе кесілген

жерлері бар заттарды құрылғыда

жумаңыз. Кішкене заттарды жуу

үшін (мысалы, сым өткізілген төс

тартқыш, белдіктер, колготкилер,

т.с.с.) кір жууға арналған торды

пайдаланыңыз.

• Кір өте аз салынса, айналдыру

циклі кезінде теңгерімді сақтауға

қатысты мәселе орын алуы мүмкін.

Бұндай жағдай орын алса,

барабандағы кірді қолмен таратып,

қайта айналдыра бастаңыз.

13.2 Оңай кетпейтін дақтар

Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен

жуғыш зат жеткіліксіз болады.
Бұл дақтарды кірді құрылғыға салмай

тұрып алдын ала тазалауды

ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар

болады. Дақ пен матаның түріне сай

келетін арнайы дақ кетіргішті

қолданыңыз.

13.3 Жуғыш заттар мен

үстемелер

• Кір жуғыш машиналарға арналған

жуғыш заттар мен үстемелерді ғана

қолданыңыз:

– матаның барлық түрлеріне

арналған ұнтақ жуғыштар,

– нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен

жүн тоқымаларға арналған

ұнтақ жуғыштар,

– матаның барлық түрлеріне не

тек жүн матаға арналған, төмен

температурада жуатын

бағдарламаларға (ең көбі 60 °C)

арналған сұйық жуғыш заттар.

• Әр түрлі жуғыш заттарды

араластырмаңыз.

• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу

үшін жуғыш затты қажетті

мөлшерден артық пайдаланбаңыз.

• Осы заттардың орамында

көрсетілетін нұсқауларды

орындаңыз.

• Матаның түріне және түсіне,

бағдарламаның температурасы мен

кірдің деңгейіне сай келетін

құралдарды қолданыңыз.

• Егер құрылғының жуғыш зат

үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал

болмаса, (жуғыш зат өндірушісі

қамтамасыз етеді) сұйық жуғыш

затты мөлшерлегіш шарикпен

қосыңыз.

13.4 Қоршаған ортаға

қатысты ескерім

• Қалыпты кірлеген кірді алдын ала

жуу циклі жоқ бағдарламаны

қолданып жуыңыз.

• Жуу бағдарламасын әрқашан кірді

ең көп рұқсат етілетін мөлшерде

салғаннан кейін бастаңыз.

• Төмен температурада жуатын

бағдарламаны таңдаған кезде,

қажет болса дақ кетіргішті

қолданыңыз.

• Жуғыш затты дұрыс мөлшерде

қолдану үшін, жергілікті су

жүйесіндегі судың кермектігін

тексеріңіз. "Судың кермектігі"

тарауын қараңыз.

13.5 Су кермектігі

Сіз тұратын жердегі су өте кермек

немесе орташа кермек болса, кір

жуғыш машинада су жұмсартқышты

қолдануды ұсынамыз. Суы тұщы

жерлерде су жұмсартқышты қолдану

қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін

білу үшін су жүйесін басқару

мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп

пайдаланыңыз. Бұйымның орамында

көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.

ҚАЗАҚ

27

Advertising