Мобильді басып шығару туралы қосымша мәліметтер, Hp web services қосу, Құрылғыны сымсыз желіге қосу – Инструкция по эксплуатации HP LaserJet Pro MFP M130a
Страница 3: Wi-fi direct (тек сымсыз үлгілерде), Принтерді ашу
3
Электрондық пошта арқылы HP ePrint функциясын пайдалану үшін принтер
мына талаптарға сай болуы керек:
• Принтер сымды немесе сымсыз желіге қосылған және Интернетке кіру
мүмкіндігі бар болуы керек.
• Принтерде HP Web Services қосылып тұруы және принтер HP Connected
қызметіне тіркелген болуы керек.
HP Web Services қосу
2 жолды сұйық кристалды дисплей басқару тақтасы
1. Принтер желіге қосылған кезде принтер желісінің IP мекенжайын
веб-шолғышқа енгізіңіз. Принтер IP мекенжайын табу үшін келесі
опциялардың бірін пайдаланыңыз:
• Осы жұмысты бастау нұсқаулығындағы «Принтердің IP мекенжайын
табу» бөліміне өтіңіз
• Пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз
2. Веб-бетте осы пайда болса, HP Web Services (HP веб-қызметтері)
жиекбелгісін басыңыз.
3. Пайдалану шарттарын қарап шығып қабылдап, Enable (Қосу) түймесін
басыңыз.
Сенсорлы экран басқару тақтасы
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Web Services
(Веб-қызметтер) түймесін түртіңіз.
2. Enable Web Services (Веб-қызметтерді қосу) түймесін түртіңіз. Принтер
веб-қызметтерді қосады, одан кейін ақпараттық бетті басып шығарады.
Ақпарат бетінде HP принтерін HP Connected қызметінде тіркеу үшін қажет
принтер коды болады.
3. HP ePrint есептік жазбасын жасап, параметрлерді орнату процесін
орындау үшін,
www.hpconnected.com
торабына өтіңіз.
Құжаттарды кез келген электрондық пошта қосылған құрылғыдан, керек десеңіз бірдей желіде емес құрылғылардан принтердің электрондық пошта
мекенжайына электрондық пошта тіркемесі ретінде жіберу арқылы оларды басып шығару үшін электрондық пошта арқылы HP ePrint мүмкіндігін пайдаланыңыз.
8.1
Құрылғыны сымсыз желіге қосу
Телефоннан немесе планшеттен басып шығару үшін құрылғыны
принтер қосылған сымсыз желіге қосыңыз.
Apple iOS құрылғылары (AirPrint)
Басып шығарылатын элементті ашып, Action (Әрекет) белгішесін
таңдаңыз. Print (Басып шығару) опциясын, принтерді, содан кейін
Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
Жаңарақ Android құрылғылары (4.4 немесе одан жаңа)
Басып шығарылатын элементті ашып, Menu (Мәзір) түймесін таңдаңыз.
Print (Басып шығару) опциясын, принтерді, одан кейін Print (Басып
шығару) опциясын таңдаңыз.
Кейбір құрылғылар үшін Google Play дүкенінен HP Print Service
қосымша бағдарламасын жүктеп алу қажет.
Ескірек Android құрылғылары (4.3 немесе одан ескі)
Google Play дүкенінен HP ePrint бағдарламасын жүктеп алыңыз.
Windows Phone
Windows Store дүкенінен HP AiO Remote бағдарламасын жүктеп алыңыз.
Мобильді басып шығару туралы қосымша
мәліметтер
Басқа мобильді басып шығару параметрлері,
соның ішінде қосымша ePrint шешімдері
туралы қосымша мәліметтер алу үшін QR кодын
сканерлеңіз немесе пайдаланушы нұсқаулығының
«Мобильді басып шығару» бөлімін қараңыз.
8.2
Wi-Fi Direct
(тек сымсыз үлгілерде)
Wi-Fi Direct мүмкіндігі желіге немесе Интернетке байланысты қажет
етпестен сымсыз мобильді құрылғыдан Wi-Fi Direct қосылған принтерге
тікелей жақыннан басып шығаруға мүмкіндік береді.
Wi-Fi Direct қосу
Басқару панелінен Wi-Fi Direct қосу үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. 2 жолды басқару панельдері: принтердің басқару панелінде Setup
(Орнату) түймесін басып, Network Setup (Желі параметрлерін
орнату) мәзірін ашыңыз.
Сенсорлы экранның басқару панельдері: Принтердің басқару
панелінің негізгі экранындағы Connection Information (Байланыс
туралы ақпарат)
түйме таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
• Wi-Fi Direct
• Settings (Параметрлер) (тек сенсорлық экранды басқару
тақталары)
• Қосу/өшіру
3. On (Қосу) мәзір элементін түртіңіз. Off (Өшіру) түймесі Wi-Fi Direct
басып шығаруын өшіреді.
Сымсыз басып шығару мен сымсыз орнату туралы қосымша
ақпаратты мына беттен қараңыз:
www.hp.com/go/wirelessprinting
.
Принтерді ашу
1. Мобильді құрылғыдан Wi-Fi қызметін қосып, сымсыз желілерді іздеңіз.
2. Принтердің басқару тақтасында «HP-Print-үлгі-аты» ретінде
көрсетілетін принтерді таңдаңыз. Принтер атының үлгісі:
HP-Print-29-AJ OJP 8620
8. Мобильді және сымсыз басып шығару (қосымша)
9. Электрондық пошта арқылы HP ePrint мүмкіндігін орнату (қосымша)