Жад картасын шифрлау – Инструкция по эксплуатации LG LGM320 X power 2
Страница 295
Негізгі функциялар
47
Жад картасын шифрлау
Жад картасында сақталған деректерді шифрлауға жəне қорғауға
болады. Жад картасында шифрланған деректерге басқа
құрылғыдан өтуге болмайды.
1
Баптаулар Баптаулар Қауіпсіздік SD карта сақтау
орнын шифрлау.
түймесін түртіңіз.
2
Жад картасын шифрлау туралы экрандағы шолуды оқып шығып,
жалғастыру үшін ЖАЛҒАСТЫРУ опциясын түртіңіз.
3
Опцияны таңдап, ҚАЗІР ШИФРЛАУ пəрменін түртіңіз.
•
Жаңа файл шифрлау:
шифрлаудан кейін жад картасына
сақталған деректерді ғана шифрлайды.
•
Толық шифрлау:
ағымдағы жад картасында сақталған барлық
деректерді сақтайды.
•
Мультимедиа файлдарын шығару:
музыка, фотосуреттер
мен бейнелер сияқты мультимедиалық файлдардан басқа
файлдардың барлығын шифрлайды.
•
Жад картасын шифрлау үшін экран құлпы PIN коды немесе құпия
сөз арқылы орнатылғанын тексеріңіз.
•
Жад картасын шифрлау процесі басталғаннан кейін, кейбір
функциялар қолжетімді болмайды.
•
Шифрлау барысында құрылғыны өшірсеңіз, шифрлау процесі
орындалмайды жəне кейбір деректер зақымдалуы мүмкін.
Сондықтан шифрлауды бастамас бұрын, батарея қуатының
деңгейі жеткілікті екенін тексеріңіз.
•
Шифрланған файлдарға шифрлау орындалған құрылғыдан ғана
өтуге болады.
•
Шифрланған жад картасын LG компаниясының басқа
құрылғысында пайдалануға болмайды. Шифрланған жад картасын
басқа ұялы құрылғыда пайдалану үшін картаны форматтаңыз.
•
Жад картасы құрылғы ішіне салынбаса да, жад картасының
шифрлануын іске қосуға болады. Шифрлау процесінен кейін
орнатылған кез келген жад картасы автоматты түрде шифрланады.