Есік тұтқаларын орнату – Инструкция по эксплуатации haier HB21FNN

Страница 55

Advertising
background image

15

Есік тұтқаларын орнату

Есік тұтқалары осы модельге тоңазытқыштан бөлек

жеткізіледі.
Тоңазытқыш бөлімнен есік тұтқаларын шығарыңыз (есіктің

2 ұзын тұтқасы тоңазытқыш бөлімнің есіктеріне және

қысқа біреуі мұздатқыш бөлімнің есігіне орнатылуы тиіс).

Орнатар алдында келесі нұсқаулықтармен танысыңыз.

1. Тоңазытқыш бөлімнің есігі тұтқаларын

орнату және демонтаж жасау

Орау пакетінен екі болт шығарыңыз да, сол жақ есіктің

бұрандалы екі саңылауына бұрап кіргізіңіз. Тұтқаны

саңылауларымен болттарға орнатыңыз да, алтықырлы

кілттің көмегімен есікке бекітіңіз. Оң жақ тұтқаны да осы

әдіспен орнатыңыз. Тұтқаны шешу үшін алтықырлы

болттарды босатып, тұтқаны абайлап шығарыңыз.

2. Мұздатқыш бөлімнің есігі тұтқаларын

шешу және орнату

Орау пакетінен екі болт шығарыңыз да, мұздатқыш

бөлімнің бұрандалы екі саңылауына бұрап кіргізіңіз.

Тұтқаны саңылауларымен болттарға орнатыңыз да,

алтықырлы кілттің көмегімен есікке бекітіңіз. Тұтқаны

шешу үшін, алтықырлы болтты бұрап босатып, тұтқаны

абайлап демонтаж жасаңыз.

Назар аударыңыз!

Алтықырлы болтты бұрағанда көп күш

салмаңыз, мұнымен Сіз бұрандалы жалғауға

зақым келтіресіз.

1

2

Advertising