Азықтарды сақтау және мұздату – Инструкция по эксплуатации haier HB21FNN
Страница 59
19
Азықтарды сақтау және мұздату
Тоңазытқыш өндірістік тәсілмен мұздатылған азық-
түліктерді ұзақ сақтауға есептелген, сондай-ақ балғын
азықтарды да мұздату мен сақтауға пайдалануға болады.
Электр қорегі үзілген жағдайда тоңазытқыштың есігін
ашпаңыз, егер электр қорегі 18 сағаттан аз уақытқа үзілген
болса, мұздатылған азықтар бүлінбейді. Егер электр қуаты
мейлінше ұзақ уақыт болмаса, онда сақтаулы азықтарды
тексеріп, оларды бірден пайдалану керек, не пісіріп, не
қайтадан мұздату керек.
Азықтарды бір ретте бірден тым көп мөлшерде
мұздатпаңыз. Азықтар барынша тез, әбден мұздатылса,
жақсы сақталады.
Мұздатқыш камераға артық мөлшердегі азықты тәуліктен
көп уақытқа салмаңыз. Егер мұздатқыш камераға
жылы азықтарды салатын болса, онда тоңазытқыштың
агрегаттары азықтар мұздағанша үзіліссіз жұмыс істеуі тиіс
болады. Бұл біраз уақытқа дейін тоңазытқыш бөліміндегі
температураның шамадан тыс төмендеуіне әкеп соғады.
Мұздатылған және балғын азықтарды бірге сақтамауды
ерекше мұқият қадағалаңыз.