Ақаулықты түзету, 3 тоңазытқыш мұзын жібіту, 4 мұздатқыштың мұзын еріту – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN3880AOW

Страница 14

Advertising
background image

• есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап,

кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып

отырыңыз.

• шайып мұқият құрғатыңыз.

Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не

сымдардың ешқайсысын тартпаңыз,

жылжытып не бүлдірмеңіз.

Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш

заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса

хош иістендірілген тазалағыш

заттарды не балауыз

жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз,

себебі бұндай заттар құрылғының

беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше

иіс қалдырады.

Құрылғының артындағы конденсатор (қара

гриль) мен компрессорды шөтке не

шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу

құрылғы жұмысын жақсартып, электр

шығынын азайтады.

Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан

келтірмеуге тырысыңыз.

Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға

арналған көпшілік заттардың құрамында осы

құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге

зиянды әсер ететін химикаттар бар.

Сондықтан да осы құрылғы корпусының

сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған

жылы сумен тазалау ұсынылады.

Тазалап болған соң құрылғыны электр

желісіне қайта қосыңыз.

6.3 Тоңазытқыш мұзын жібіту

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау

тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан,

мотор компрессоры тоқтаған сайын

автоматты түрде шығарылады. Еріген су

құрылғының артындағы, мотор

компрессорының үстіндегі арнайы

контейнерге су шығатын саңылау арқылы

жиналады да, осы жерде буға айналады.

Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға

тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі

науаның ортасындағы еріген су ағатын

саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған

маңызды.

Құрылғымен бірге жеткізілетін арнайы

тазалағыш құралды пайдаланыңыз, оны су

ағатын тесіктен аласыз.

6.4 Мұздатқыштың мұзын еріту

Бұл "мұз қатпайтын" бөлік. Бұл құрылғы

жұмыс істеп тұрған кезде ішкі

қабырғаларының бетіне де, тағамның үстіне

де ешбір мұз қатпайтынын көрсетеді.

Мұз қатпайтын себебі, автоматты түрде

басқарылатын желдеткіш құрылғы ішінде

үнемі суық ауаны айналдырып тұрады.

7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Сақтандыру туралы ескерту!

Ақаулықтың себептерін анықтамас

бұрын құрылғыны тоқтан ағытыңыз.

Осы нұсқаулықта көрсетілмеген

ақаулықты тек білікті электрші немесе

уәкілетті адам ғана анықтауға тиіс.

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған

кезде шуыл естіледі (компрессор,

салқындатқыш сұйықтықтың

айналуы).

14 www.electrolux.com

Advertising