Орнату, 1 орналастыру, 2 электр желісіне жалғау – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN3880AOW
Страница 17: 3 орналасуы
8. ОРНАТУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны орнатпай тұрып
"Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке
басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін және құрылғыны дұрыс
пайдалану үшін мұқият оқып
шығыңыз.
8.1 Орналастыру
Бұл құрылғыны температурасы құрылғының
техникалық ақпараттар тақтайшасында
көрсетілген климат санатына сай келетін
жерге орналастыру қажет:
Климат
санаты
Қоршаған орта температурасы
SN
+10°C бастап + 32°C дейін
N
+16°C бастап + 32°C дейін
ST
+16°C бастап + 38°C дейін
T
+16°C бастап + 43°C дейін
8.2 Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу
мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына
сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта
қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер
үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті
электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай
жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
8.3 Орналасуы
A
B
100 mm min
20 mm
Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тура
түскен күн жарығы сияқты жылу көздерінен
мүмкіндігінше алыс орнату қажет.
Құрылғының артқы жағында ауаның еркін
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз. Құрылғы
жақсы жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы
қабырғаға ілулі заттың астына қойылса,
құрылғының үсті мен қабырғаға ілулі заттың
арасында кем дегенде 100 мм орын қалуға
тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны
қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған
дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір
немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір
деңгейлеп орнатуға болады.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны электр желісінен
ағытатындай етіп орналастыру керек;
сондықтан оны орнатқаннан кейін
оның ашасы қол оңай жететін жерде
тұруға тиіс.
ҚАЗАҚ
17