Ақыл-кеңес, 1 кір салу, 2 оңай кетпейтін дақтар – Инструкция по эксплуатации Electrolux EWF1486GDW

Страница 18: 3 жуғыш заттар мен үстемелер

Advertising
background image

Бейнебетте соңғы орнатылған

бағдарламаның соңы көрсетіледі.

Жаңа циклді орнату үшін

бағдарлама тетігін бұраңыз.

11. АҚЫЛ-КЕҢЕС

НАЗАРЫҢЫЗДА

БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын

қараңыз.

11.1 Кір салу

• Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-

түсті, синтетика, нәзік және жүн

мата.

• Кірдің затбелгісіндегі жуу

нұсқауларын орындаңыз.

• Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге

жумаңыз.

• Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш

жуғанда бояуы шығуы мүмкін.

Оларды алғаш жуғанда бөлек жууға

кеңес береміз.

• Жастық қаптарының түймесін

салып, тартпаларды тартып жауып,

ілгектер мен батырма

түймешіктерді салыңыз.

Белбеулерді байлаңыз.

• Қалталарды босатып, оралған

заттарды ашыңыз.

• Көп қабатты матадан жасалған, жүн

матадан жасалған немесе сурет

салынған киімдердің астарын

сыртына аударыңыз.

• Қатты дақтарды кетіріңіз.

• Өте кір дақтарды арнайы жуғыш

затпен жуыңыз.

• Перделерді абайлап жуыңыз.

Ілгектерін алыңыз немесе

перделерді кір жуатын торға немесе

жастықтың тысына салыңыз.

• Шашақтары бар немесе кесілген

жерлері бар заттарды құрылғыда

жумаңыз. Кішкене заттарды жуу

үшін (мысалы, сым өткізілген төс

тартқыш, белдіктер, колготкилер,

т.с.с.) кір жууға арналған торды

пайдаланыңыз.

• Кір өте аз салынса, айналдыру

циклі кезінде теңгерімді сақтауға

қатысты мәселе орын алуы мүмкін.

Бұндай жағдай орын алса,

барабандағы кірді қолмен таратып,

қайта айналдыра бастаңыз.

11.2 Оңай кетпейтін дақтар

Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен

жуғыш зат жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға

салмай тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар

болады. Дақ пен матаның түріне сай

келетін арнайы дақ кетіргішті

қолданыңыз.

11.3 Жуғыш заттар мен

үстемелер

• Кір жуғыш машиналарға арналған

жуғыш заттар мен үстемелерді ғана

қолданыңыз:

– матаның барлық түрлеріне

арналған ұнтақ жуғыштар,

– нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен

жүн тоқымаларға арналған

ұнтақ жуғыштар,

– матаның барлық түрлеріне не

тек жүн матаға арналған, төмен

температурада жуатын

бағдарламаларға (ең көбі 60 °C)

арналған сұйық жуғыш заттар.

• Әр түрлі жуғыш заттарды

араластырмаңыз.

• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу

үшін жуғыш затты қажетті

мөлшерден артық пайдаланбаңыз.

• Осы заттардың орамында

көрсетілетін нұсқауларды

орындаңыз.

• Матаның түріне және түсіне,

бағдарламаның температурасы мен

кірдің деңгейіне сай келетін

құралдарды қолданыңыз.

• Егер құрылғының жуғыш зат

үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал

(жуғыш зат өндірушісі қамтамасыз

етеді) болмаса, мөлшерлегіш

шарикті қолданыңыз.

www.electrolux.com

18

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: