Инструкция по эксплуатации Electrolux EWF1486GDW
Страница 25
Ақаулық
Ықтимал шешімі
Еденге су аққан.
Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне
және су ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің еш жерінің бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз.
Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде
пайдаланылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының есігін
аша алмадыңыз.
Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз.
Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе
айналдыру бағдарламасын орнатыңыз.
Құрылғыға тоқ келіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Бұл мәселе құрылғының жұмыс істемей қалуына
байланысты болуы мүмкін. Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Егер есікті ашу қажет
болса, «Есікті төтенше жағдайда ашу» тарауын мұқият
оқыңыз.
Құрылғыдан тосын
шуыл шығады.
Құрылғы деңгейінің дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
Орам материалдарының және/немесе тасымал
болттарының алынғанына көз жеткізіңіз. "Орнату"
тарауын қараңыз.
Барабанға көбірек кір қосып салыңыз. Кір тым аз
салынған болуы мүмкін.
Цикл көрсетілген
уақыттан қысқарақ.
Құрылғы кірдің салмағына қарай жаңа уақытты
есептейді. "Пайдалану көлемі" тарауын қараңыз.
Цикл көрсетілген
уақыттан ұзағырақ.
Теңгерімі жоқ кір уақытты ұзартады. Бұл құрылғы үшін
қалыпты жағдай.
Жуу нәтижелері
қанағаттанарлық
емес.
Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз немесе басқа
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Оңай жуылмайтын дақтарды арнайы жуғыш заттарды
пайдаланып, кір жумай тұрып тазалаңыз.
Температураның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Кірдің салмағын азайтыңыз.
Функцияны орната
алмадыңыз.
Қажет сенсорлық түймешік(тер)дің ғана басылғанына
көз жеткізіңіз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бейнебетте басқа ақаулық кодтары көрсетілсе. Құрылғыны сөндіріңіз де, іске қосыңыз.
Ақаулық жалғаса берсе, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ
25