Жұмыс жүйесі, 6 қызмет, 7 қоршаған ортаны қорғау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ENN2901AOW
Страница 24: 1 қосу, 2 өшіру, 3 температураны баптау
• Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын
бөлшектерін (компрессор, конденсатор)
ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып
күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт
жағын әрқашан қабырғаға қаратып
қойыңыз.
• Құрылғыны радиатор не пештердің қасына
жақын орналастыруға болмайды.
• Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының
қол оңай жететін жерде болуын
қамтамасыз етіңіз.
• Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз (егер
суға қосу қажет болса).
1.6 Қызмет
• Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр
жұмыстарын электр маманы не білікті адам
жүзеге асыруға тиіс.
• Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті
қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
керек және құрылғының нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
1.7 Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш
сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон қабатына
зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл
құрылғыны тұрмыстық қалдық пен
қоқыстар тасталатын жерге тастауға
болмайды. Оның изоляция
қабаттамасында тұтанғыш газдар
бар: құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын жарамды
ережелерге сай тастау қажет.
Салқындатқыш құралға, әсіресе оның
қызу алмастырғышқа жақын артқы
бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда
пайдаланылған белгішесімен
белгіленген материалдар қайта
өңдеуден өткізуге жарайды.
2. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
2.1 Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Температура түймешесін сағат бағытымен
бұрай отырып орташа температураға
қойыңыз.
2.2 Өшіру
Құрылғыны өшіру үшін температура
түймешесін "O" қалпына қойыңыз.
2.3 Температураны баптау
Температура автоматты түрде қойылады.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекетті
орындаңыз:
• суықтықты азайту үшін температура
түймешесін суықтың төменгі деңгейіне
қарай бұраңыз.
• суықтықты жоғары деңгейге қою үшін
температура түймешесін суықтың
максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Әдетте орташа суықтықты таңдаған
дұрыс.
Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату үшін
құрылғының ішіндегі температураның
төмендегі жағдайларға:
• бөлме температурасына
• есіктің қаншалықты жиі ашылғандығына
• сақталатын тағамның мөлшеріне
• құрылғы орнатылған жерге байланысты
екендігін есте ұстау қажет.
Егер бөлме температурасы жоғары
болса не тағам тоңазытқыш ішіне
толтыра салынса және құрылғы
төменгі температурада тұрса,
құрылғы үздіксіз жұмыс жасап оның
қабырғасына қырау тұруы мүмкін.
Бұндай жағдайда түймешені жоғары
температураға қойып,құрылғы мұзын
қуатты көп шығындамай, өздігінен
еріп кетуіне мүмкіндік беру қажет.
24 www.electrolux.com