Әркүндік қолдану, 1 бірінші қолданғанға дейін, 2 жаңа тағамды мұздату – Инструкция по эксплуатации Electrolux ENN2901AOW

Страница 25: 3 мұздатылған тағамды сақтайтын камера, 4 жібіту, 5 мұз текшелерін жасау, 6 суық аккумуляторы, 7 температура индикаторы

Advertising
background image

3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

3.1 Бірінші қолданғанға дейін

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, іші

мен барлық ішкі керек-жарақтарын, аздап

нейтрал сабын қосылған жылы сумен жуып,

ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті

кетіріңіз, содан кейін мұқият құрғатыңыз.

Жуғыш заттарды немесе жеміргіш

ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі

бұндай заттар құрылғының

қаптамасын бүлдіреді.

3.2 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату

мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды

ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін Action Freeze

функциясын, мұздатылатын тағамды

мұздатқыш камераға қоярдың алдында, кем

дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды астыңғы

камераға қойыңыз.

24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның

ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі

техникалық ақпарат тақтайшасында

көрсетілген.

Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы

уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген

басқа тағамды қосып салмаңыз.

3.3 Мұздатылған тағамды

сақтайтын камера

Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ

уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,

камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең

кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы

параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.

Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр

қуаты өшіп, ток техникалық

сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру

уақыты" бөлімінде берілген

мәндерден де ұзақ уақыт бойы

қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды

жылдам пайдаланып не дереу пісіріп

алып барып қайта тоңазыту

(салқындатқан соң) қажет.

3.4 Жібіту

Мұздатылған не тоңазытылған тағамды

қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа

арналған уақыттың шамасына қарай отырып,

оны тоңазытқыш ішінде не бөлме

температурасында жылытуға болады.

Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан

алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге

болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты

ұзағырақ болады.

3.5 Мұз текшелерін жасау

Бұл құрылғыда мүз текшелерін жасауға

арналған бір не одан да көп науалар бар. Осы

науаларға су толтырыңыз да, содан соң

оларды мұздатқыш камераға салыңыз.

Науаларды камерадан алу үшін

металл аспаптарды пайдаланбаңыз.

3.6 Суық аккумуляторы

Мұздатқыш бір не бірнеше суық

аккумуляторымен жабдықталған; бұл электр

қуаты өшкенде не құрылғы сынып қалған

жағдайда оның ішіндегі тағамды ұзағырақ

сақтауға көмектеседі.

3.7 Температура индикаторы

Бұл құрылғы Францияда сатылады.

Осы елде қолданылатын ережелерге

сәйкес бұл құрылғы тоңазытқыштың

ең суық зонасын көрсетіп тұру үшін

оның астыңғы бөлігінде

орналастырылған арнайы құралмен

(суретті қараңыз) жабдықталуға тиіс.

ҚАЗАҚ

25

Advertising