Әркүндік қолдану, 1 бірінші қолданғанға дейін, 2 жаңа тағамды мұздату – Инструкция по эксплуатации Electrolux ENN2900AOW

Страница 25: 3 мұздатылған тағамды сақтайтын камера, 4 жібіту, 5 мұз текшелерін жасау, 6 суық аккумуляторы

Advertising
background image

3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

3.1 Бірінші қолданғанға дейін

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, іші

мен барлық ішкі керек-жарақтарын, аздап

нейтрал сабын қосылған жылы сумен жуып,

ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті

кетіріңіз, содан кейін мұқият құрғатыңыз.

Жуғыш заттарды немесе жеміргіш

ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі

бұндай заттар құрылғының

қаптамасын бүлдіреді.

3.2 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату

мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды

ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін орташа

температураны өзгертудің қажеті жоқ.

Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз

келсе, температура түймешесін максимум

суықтыққа қою үшін жоғары параметрге

қойыңыз.

Бұндай жағдайда, тоңазытқыш

камерадағы температура 0°C

градустан төмен түсіп кетуі мүмкін.

Бұндай жағдай орын алса,

температура түймешесін жылырақ

параметрге әкеліп қойыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі

камераға қойыңыз.

3.3 Мұздатылған тағамды

сақтайтын камера

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт

пайдаланбай барып іске қосқан кезде,

тағамды мұздатқыш камераға салмай тұрып

құрылғыны жоғары параметрлерге қойып кем

дегенде 2 сағат қосып алыңыз.

Сақталатын тағамның мөлшері көп болса,

құрылғының ішіндегі суырмалар мен

себеттердің барлығын алыңыз да, тоңазыту

барысында жақсы нәтижеге жету үшін

салқындатқыш сөрелердің үстіне қойыңыз.

Назарыңызда болсын!

Қойылатын тағам мөлшерінің үстіңгі

бөлік(бар болса)үшін көрсетілген

салмақ шегінен асып кетпеуін

қадағалаңыз.

Мысалы, электр қуаты өшіп қалып

құрылғы мұзы кездейсоқ жібіп кетсе

және электр қуаты техникалық

сипаттамалар кестесінің

"температураның жоғарлау уақыты"

бөлімінде көрсетілген шамадан да

ұзақ уақыт жоқ болса, тағамды дереу

тауысу не пісіріп барып қайта

тоңазыту керек(салқындатқан соң).

3.4 Жібіту

Мұздатылған не тоңазытылған тағамды

қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа

арналған уақыттың шамасына қарай отырып,

оны тоңазытқыш ішінде не бөлме

температурасында жылытуға болады.

Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан

алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге

болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты

ұзағырақ болады.

3.5 Мұз текшелерін жасау

Бұл құрылғыда мүз текшелерін жасауға

арналған бір не одан да көп науалар бар. Осы

науаларға су толтырыңыз да, содан соң

оларды мұздатқыш камераға салыңыз.

Науаларды камерадан алу үшін

металл аспаптарды пайдаланбаңыз.

3.6 Суық аккумуляторы

Мұздатқыштың электр қуаты өшіп не қандай

да бір оқыс жағдай орын алғанда тағамды

ұзағырақ сақтай тұруға көмектесетін кем

дегенде бір суық аккумуляторы бар.

ҚАЗАҚ

25

Advertising