4 ұзақ уақыт бойы пайдаланбау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ENN2900AOW
Страница 29
Қырауды кетіру үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз:
1.
Құрылғыны сөндіріңіз.
2.
Ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше
қабат газетке ораңыз да, салқын жерге
қойыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Мұздатылған заттарды дымқыл
қолмен ұстамаңыз. Қолдарыңыз
мұздатылған заттарға жабысып
қалуы мүмкін.
3.
Есікті ашық қалдырыңыз да, астына
еріген су жиналатын тегеш қойып,
пластик қырғышты түбінің ортаңғы
тұсындағы тиісті ойыққа сұғыңыз.
Жібіту үрдісін жылдамдату үшін
мұздатқыш бөліктің ортасына жылы
су құйылған стакан қойыңыз.
Сонымен қатар сындыруға болатын
мұзды ерімей тұрып алыңыз.
4.
Мұзы еріп болғаннан кейін құрылғының
ішін жақсылап құрғатыңыз да, қырғышты
кейін қолдану үшін сақтап қойыңыз.
5.
Құрылғыны қосыңыз.
6.
Екі немесе үш сағаттан кейін алып қойған
тағамдарды қайта тоңазытқышқа
салыңыз.
Буландырғыштағы қырауды ешқашан өткір
металл қырғышпен қырмаңыз, оны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Мұзды жылдам еріту үшін өндіруші ұсынған
құралдардан өзге механикалық немесе басқа
жасанды заттарды ешқашан қолданбаңыз.
Құрылғының мұзын еріту кезінде, оралып
мұздатылған тағамдардың температурасының
жоғарылауы олардың қауіпсіз сақталу
мерзімін қысқартуы мүмкін.
5.4 Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын
жағдайда мына сақтық шараларын
орындаңыз:
• құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
• барлық тағамдарды шығарыңыз
• мұзын ерітіп (егер бар болса), құрылғыны
және барлық керек-жарақтарын тазалаңыз
• жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/
есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғы пайдаланылып тұратын болса,
электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі
тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап қойып отыруын
сұраңыз.
ҚАЗАҚ
29