3 күнделікті пайдалану, 4 күту менен тазалау, 5 орнату – Инструкция по эксплуатации Electrolux EUT1106AW1
Страница 4
– құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап
желдетіңіз
• Осы өнімді немесе оның сипаттарын
өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа
тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу
қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын!
Кез келген электрлік бөлшектерін
(қуат сымы, аша, компрессор),
қатерлі жағдай орын алмас үшін,
куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы
немесе білікті техник маман
ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы
жағында мыжылып немесе
зақымдалып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Мыжылған немесе
зақымдалған қуат кабелі тым қызып
кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол жетерлік
жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса, айырды
оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт
шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының
қақпағы (егер бар болса) жабылмаса
іске қосуға болмайды.
• Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде
абай болу керек.
• Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен
заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз,
себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі
немесе қарылып қалуы мүмкін.
• Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
сәулелерінің астына қоймаңыз.
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар (егер бар болса) ғана
қолданылған. Олар үйді жарықтандыру
үшін қолдануға жарамайды.
Назарыңызда болсын!
Мұздатылған тағамды жұмыс
алаңына қоймаңыз, себебі осы
бөліктің ішінде бу мен суықтан
конденсат пайда болуы мүмкін.
Тамшылаған сұйықтан ақау пайда
болуы мүмкін. Сондықтан да, жұмыс
алаңына ешбір мұздатылған зат
қоймаңыз.
1.3 Күнделікті пайдалану
• Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик
жерлерге қоймаңыз.
• Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты
қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі
мүмкін.
• Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа
шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға
болмайды. (Егер құрылғыға мұз қатпайтын
болса)
• Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны
қайта мұздатуға болмайды.
• Алдын ала оралған тағамды мұздатылған
тағам өндірушінің нұқсауларына сай
сақтаңыз.
• Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
қатысты ұсыныстарын қатаң орындау
керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
• Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін
сусындарды тоңазытқыш камераға
қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым
оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
• Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте
пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.
1.4 Күту менен тазалау
• Құрылғыны тазалар алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
• Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
• Құрылғы мұзын жылдам еріту үшін,
ешқашан шаш кептіргішті немесе басқа
қыздырғыш құрылғыларды қолданбаңыз.
Артық қызу құрылғының ішкі пластик
бөлшектерін бүлдіруі мүмкін және электр
жүйесіне ылғал кіріп, оның бойына ток
жүгіруіне себеп болуы мүмкін.
1.5 Орнату
Электр желісіне қосарда, арнайы
бөлімдерде берілген нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
• Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің
бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының
бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да
бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны
4
www.electrolux.com