2 мұздатқыш камераның мұзын еріту, 3 құрылғыны қолданбаған кезде – Инструкция по эксплуатации Electrolux EUT1106AW1

Страница 9

Advertising
background image

Құрылғының артындағы конденсатор (қара

гриль) мен компрессорды шөтке не

шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу

құрылғы жұмысын жақсартып, электр

шығынын азайтады.

Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан

келтірмеуге тырысыңыз.

7.2 Мұздатқыш камераның мұзын

еріту

Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі камераның

айналасына белгілі бір мөлшерде қырау

әрқашан жиналады.

Мұздатқыш камераның қырауының

қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған кезде,

оны жібітіңіз.

Жібітуге 12 сағат қалған кезде,

құрылғының жұмысы уақытша

тоқтатылған кезде оның ішіндегі суық

жеткілікті болуы үшін Температура

тетігін ең үлкен мәнге қойыңыз.

Қырауды кетіру үшін төмендегі нұсқауларды

орындаңыз:

1.

Құрылғыны сөндіріңіз де, ашаны

розеткадан суырыңыз.

2.

Ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше

қабат газетке ораңыз да, салқын жерге

қойыңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!

Мұздатылған заттарды дымқыл

қолмен ұстамаңыз. Қолдарыңыз

мұздатылған заттарға жабысып

қалуы мүмкін.

3.

Есікті ашық қалдырыңыз да, астына

еріген су жиналатын тегеш қойып,

пластик қырғышты түбінің ортаңғы

тұсындағы тиісті ойыққа сұғыңыз.

Жібіту үрдісін жылдамдату үшін

мұздатқыш бөліктің ортасына жылы

су құйылған стакан қойыңыз.

Сонымен қатар сындыруға болатын

мұзды ерімей тұрып алыңыз.

4.

Мұзы еріп болғаннан кейін құрылғының

ішін жақсылап құрғатыңыз да, қырғышты

кейін қолдану үшін сақтап қойыңыз.

5.

Құрылғыны іске қосыңыз.

6.

Температура тетігін Толық толтыру

қалпына қойып, кем дегенде 8 сағат іске

қосыңыз.

7.

Қызыл индикатор шам сөнгеннен кейін

алдында алынған тағамдарды бөліктерге

қайта салыңыз.

8.

Температура тетігін сақталған

тағамдардың мөлшеріне қарай реттеңіз.

Назарыңызда болсын!

Буландырғыштағы қырауды ешқашан

өткір металл қырғышпен қырмаңыз,

оны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.

Мұзды жылдам еріту үшін өндіруші

ұсынған құралдардан өзге

механикалық немесе басқа жасанды

заттарды ешқашан қолданбаңыз.

Құрылғының мұзын еріту кезінде,

оралып мұздатылған тағамдардың

температурасының жоғарылауы

олардың қауіпсіз сақталу мерзімін

қысқартуы мүмкін.

7.3 Құрылғыны қолданбаған кезде

Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған

кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:

1.

құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз

2.

барлық тағамдарды шығарыңыз

3.

құрылғыны жібітіп, оны керек-

жарақтарымен қоса тазалаңыз

4.

Жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/

есіктерді ашық қалдырыңыз.

Егер құрылғыны қосып қалдыратын

болсаңыз, электр қуаты өшіп қалған

жағдайда ішіндегі тағам бұзылып

кетпес үшін басқа бір адамның

арасында бір рет бақылап қойып

отыруын сұраңыз.

ҚАЗАҚ

9

Advertising