Стандарттарға сәйкестік туралы ескерім, Сымсыз құралдарға арналған нұсқаулық – Инструкция по эксплуатации Samsung NP-RV508I

Страница 143

Advertising
background image

3-25

Қа

зақша

Стандарттарға сәйкестік туралы

ескерім

Сымсыз құралдарға арналған нұсқаулық

(Егер 2.4G диапазон немесе 5G диапазонға орнатылса)

Ноутбукте 2.4GHz/ 5GHz диапазонда, төмен қуат бойынша жұмыс істейтін, LAN тәрізді

радио құрылғылары (радио жиіліктегі (RF) сымсыз байланыс құралдары) бар болуы

(кіріктіріліп орнатылуы) мүмкін. Төменде сымсыз байланыс құралдарын қолдануға

қатысты жалпылама ұсыныстар берілген.
Қосымша шектеулер, ескертулер мен тиісті елдерге қатысты ескерімдер тізімі, сол

елге (немесе елдер тобына) қатысты тарауда берілген. Сіздің жүйеңіздегі сымсыз

құралдар тек Радио жүйесіне қолдау көрсету белгішесі салынған жапсырмада

көрсетілген елдерде ғана жұмыс істеуге рұқсат алған. Егер бұл тізімде сымсыз

құрал қолданылатын ел көрсетілмесе, жергілікті радио сертификаттары агенттігіне

хабарласып, қойылатын талаптарын алыңыз. Сымсыз құрылғылар қатаң бақылауда

болады, сондықтан да оларды қолдануға рұқсат берілмеуі мүмкін.
Сымсыз құрылғының немесе ноутбукке кіріктірілген сымсыз құрылғылардың RF

алаңының қарқыны, қолданыстағы белгілі халықаралық RF жиілігіне салынған

шектеулерден төмен деңгейде. Себебі сымсыз құрылғылар (ноутбукке кіріктіріліп

орнатылуы мүмкін) радио жиілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стандарттары

мен ұсыныстарымен салыстырғанда аз қуат бөліп шығарады, әрі өндіруші осы

құрылғыларды қауіпсіз құрылғылар деп есептейді. Қуат мөлшерінің аздығына қарамай,

жұмыс істеу барысында адам бұндай құрылғыларға мүмкіндігінше жоламауы керек.
Жалпылама нұсқаулық ретінде, сымсыз құрылғы мен адам денесінің арасында 20 см (8

дюйм) қашықтық сақтау ұсынылады, сымсыз құрылғыны денеге (аяқ-қол есептелмейді)

жақын ұстап пайдалану қалыпты жағдай деп есептелінеді. Мына құрылғыларды

қосылып тұрғанда және сигнал таратып тұрғанда денеден 20 см-ден (8 дюйм) қашық

ұстау керек.
Кей жағдайларда сымсыз құрылғыларға шектеу салу қажет етіледі. Жалпылама

шектеулер тізімі келесі бетте көрсетілген:

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: