Инструкция по эксплуатации Samsung NP-RV508I

Страница 144

Advertising
background image

3-26

Радио жиілікті сымсыз байланыс құралдары, коммерциялық әуе кемесіндегі

құрылғыларға бөгеуіл тудыруы мүмкін. Ұшақпен сапар шегу барысында, қазіргі

авиация ережесі бойынша сымсыз байланыс құралдарын сөндіріп қою талап

етіледі.

802.11ABGN (сонымен қатар сымсыз Ethernet немесе Wi-Fi деген атпен белгілі)

және блутус байланыс құралдары, сымсыз байланыс құралдарының түріне

жатады.

Басқа құралдар немесе қызметтерге бөгеуіл тудыруы ықтимал немесе

шынымен де қауіпті деп есептелетін жерлерде, сымсыз байланыс құралдарын

қолдануға шек қойылады немесе мүлдем қолдануға рұқсат берілмейді.

Әуежай, қонақүй және оттегі немесе жанғыш газға қаныққан жерлер, сымсыз

байланыс құралдарын қолдануға шектеу салынатын немесе мүлдем рұқсат

етілмейтін жерлердің қатарына жатады. Кей жерлерде сымсыз байланыс

құралын қолдануға болатын немесе болмайтынына толық көзіңіз жетпесе,

сымсыз құралды іске қосардың алдында, оны қосу немесе қолдану алдында

тиісті адамнан рұқсат сұраңыз.

Әр елдің сымсыз құралдарды қолдануға қатысты өз шектеулері бар.

Құрылғыңыз сымсыз байланыс құралымен жабдықталғандықтан, оны алып

басқа елдерге бару үшін, баратын еліңізде сымсыз құралдарға қандай шектеу

қойылатынын, жергілікті Радио сертификаттау мекемесін хабарласып біліңіз.

Егер сымсыз байланыс құралы құрылғыңыздың ішіне кіріктіріліп орнатылса,

сымсыз құралды құрылғыны әбден жинап, қаптамалары мен қақпақтарының

барлығы жабылғаннан кейін ғана іске қосыңыз.

Сымсыз байланыс құралдарын пайдаланушы жөндеуге болмайды. Оларға

ешқандай өзгеріс енгізбеңіз. Сымсыз құралға енгізілген өзгеріс, оны қолдану

құқығынан айырады. Оны жөндеу қажет болса өндірушіге хабарласыңыз.

Құрал қолданылатын ел үшін арнайы сертификатталған драйверлерді ғана

қолданыңыз. Өндірушінің жүйені қалпына келтіру жинағын қараңыз немесе

қосымша ақпаратты өндірушінің техникалық қызмет көрсету орталығына

хабарласып алыңыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: