Қауіпсіздік, Электр қауіпсіздігі, Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Инструкция по эксплуатации Samsung C61R1CDMST

Страница 68: Қолдану барысындағы сақтық шаралары

Advertising
background image

4

KK

Қауіпсіздік

Бұл құрылғы қолданыстағы техникалық стандарттар мен Германияның

"Құрылғы қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңына" сай келеді . Дегенмен, өндіруші

ретінде сіздерді келесі сақтық шараларымен таныстыруды өз міндетіміз деп

санаймыз .

Электр қауіпсіздігі

• Құрылғыны міндетті түрде білікті электрик орнатып, жерге қосуға тиіс .
• Құрылғыны тек білікті қызмет көрсету технигі ғана жөндеуге тиіс . Құрылғыны

тиісті маманы жоқ адамдар жөндесе, жарақат алуы немесе елеулі ақаулық орын

алуы мүмкін . Егер құрылғыңызды жөндеу қажет болса, жергілікті қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз . Бұл нұсқаулар орындалмаса, мүлікке зиян келуі және

кепілдік заңды күшінен айырылуы мүмкін .

• Кіріктіріліп орнатылатын құрылғыларды, тиісті стандарттарға сай келетін қаптама

немесе жұмыс алаңына орнатып болғаннан кейін ғана іске қосу керек . Бұл VDE

[Германия электр инженерлері қоғамы] талаптарына сай, электр бөлшектерінің

қатерінен толық сақтандыруға мүмкіндік береді .

• Егер құрылғыңыз дұрыс жұмыс істемесе немесе оның бетінде сызат, жарық пайда

болса:

- барлық пісіру алаңдарын сөндіріңіз;

- пештің үстін электр желісінен ағытыңыз; және

- жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз .

• Пештің үстінде сызат пайда болса, электр қатеріне ұшырамас үшін құрылғыны

сөндіріп қойыңыз . Пештің үстін, оның шыны бетін ауыстырмайынша қолданбаңыз .

• Пештің үстін алюминий фольганы, алюминий фольгаға оралған тағамды немесе

алюминий ыдысқа салынған мұздатылған тағамды ысыту үшін қолданбаңыз .

Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жас бала немесе әлсіз адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның

қарауынсыз, бұл құрылғыны пайдалануына болмайды .

Кішкене балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек .

Тағам пісіру барысында пісіру алаңдары қызып кетеді . Кішкене балаларды

әрқашан құрылғыдан алыс ұстаңыз .

Қолдану барысындағы сақтық шаралары

• Бұл құрылғы тек үйде тағам пісіруге және қуыруға арналған . Бұл құрылғы

коммерциялық мақсатта немесе өнеркәсіпте қолдануға арналмаған .

• Пештің үстін ешқашан бөлме жылыту үшін қолданбаңыз .
• Пеш үстінің жанында орналасқан розеткаларға электр құрылғыларын жалғаған кезде

абай болыңыз . Электр сымдары пісіру алаңына тиіп тұрмауға тиіс .

• Қатты қызған тоңмай және өсімдік майы тез от алып кетуі мүмкін . Тоңмай немесе

өсімдік майын қолданып тағам пісіргенде, мысалы фри тағамын қуырғанда, пештің

үстін қараусыз қалдырмаңыз .

• Қолданып болғаннан кейін пісіру алаңдарын сөндіріңіз .
• Басқару панельдерін әрқашан таза, әрі құрғақ ұстаңыз .
• Пештің үстіне ешқашан тұтанғыш зат қоймаңыз .

C61RCCNR_BWT_DG68-00310A-08_KK.indd 4

2014-07-15 3:59:24

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: