Алғаш іске қосар алдында, Ең алғаш рет тазалау, Пештің үстін қолдану – Инструкция по эксплуатации Samsung C61R1CDMST
Страница 78: Жарамды ыдыс-аяқ
14
KK
Пештің үстін қолдану
Жарамды ыдыс-аяқ
Ыдыс жақсы болса, пісіру нәтижесі де жақсы болады .
• Жақсы ыдысты табанына қарап ажыратуға болады . Ыдыстың табаны барынша қалың,
әрі барынша тегіс болуы керек .
• Жаңа ыдыс сатып аларда, олардың табанының диаметріне ерекше назар аударыңыз .
Әдетте өндіруші тек ыдыстың ернеуінің диаметрін ғана көрсетеді .
• Алюминий немесе мыс табаны бар ыдыстар, пештің керамика бетіне металл дағын
қалдырады . Бұндай дақты кетіру өте қиын болуы немесе мүлдем кетіре алмауыңыз
мүмкін .
• Құйылған шойыннан жасалған немесе табанына нұқсан келген, жиегі кедір-бұдыр
ыдысты қолданбаңыз . Бұндай ыдыстарды пеш үстіне қойып сырғытса, оған кетпейтін
сызат түсуі мүмкін .
• Әдетте, суық ыдыстардың табаны сәл ішке кіріп (ойыс) тұруы мүмкін . Оларды ешқашан
сыртқа (дөңес) шығармау керек .
• Егер арнайы ыдыс түрін қолданғыңыз келсе, мысалы бу кәстрөлін, баяу қайнататын
ыдысты немесе түбі шығыңқы қазанды қолдансаңыз, өндіруші нұсқауларын орындаңыз .
Қуатты үнемдеу туралы кеңес
Төмендегі нұсқауларды орындау арқылы қуатты үнемдей аласыз .
Алғаш іске қосар алдында
Ең алғаш рет тазалау
Пештің керамика бетін, дымқыл шүберек пен керамика пісіру беттерін тазалағыш
құралмен сүртіңіз .
Маңызды: Жеміргіш немесе түрпілі тазалағыш заттарды қолданбаңыз . Пештің
бетіне нұқсан келуі мүмкін .
Дұрыс!
Теріс!
C61RCCNR_BWT_DG68-00310A-08_KK.indd 14
2014-07-15 3:59:26