Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D5100

Страница 55

Advertising
background image

3

Бұл өнімді басқа құрал-жабдыққа қосу

үшін қолданылатын экрандалған кабельдер

мен қосқыштар СЕ талаптарына сай келеді.

Радио және теледидар сияқты электр құрал-

жабдықтарында туындайтын электромагниттік

кедергінің алдын алу үшін экрандалған

кабельдер мен қосқыштарды қолданыңыз.

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ

Осы құрал-жабдықтың сым желісінде

сақтандырғышпен бірге құйылған айырша

бар. Сақтандырғыш өлшемі айыршаның

істікшелі жағында көрсетілген.

Егер оны алмастыру қажет болса, BS1362

өлшеміне сәйкес сақтандырғыш қана

қолданылуы тиіс.
Сақтандырғыш қаптамасы ашық болған

жағдайда, айыршаны ешуақытта

пайдаланбаңыз. Сақтандырғыш

қаптамасын ауыстыру қажет болса, оның

түсі айыршаның істікшелі бетімен бірдей

болуы тиіс. Ауыстырмалы қаптамаларды

сатушыдан алуға болады.
Егер айырша үйдегі ток көзіне қосуға

келмесе немесе кабельдің ұзындығы ток

көзіне жетпесе, қауіпсіздік талаптарына сай

келетін ұзартқыш электр желісін пайдалану

қажет немесе жабдықтаушыдан көмек

сұраңыз.
Дегенмен, айыршаны кескеннен басқа амал

жоқ болса, сақтандырғышты алып тастап,

айыршаны қауіпсіз жойыңыз. Айыршаны ток

көзіне жалғамаңыз, себебі ашық сымнан ток

соғу қаупі бар.

Аппаратты ток көзінен ажырату үшін,

айыршаны ток көзінен суырып алыңыз. Ток

көзі бос тұруы қажет.
Осы пайдаланушы нұсқаулығымен бірге

берілетін құрылғы белгілі бір үшінші

тараптардың зияткерлік меншік құқықтары

бойынша лицензияланған.

Сақтық шаралар

Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Өнімді қолданбастан бұрын, осы пайдалану

нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз.

Төменде берілген қауіпсіздік нұсқауларын

қадағалаңыз.

Осы пайдалану нұсқауларын болашақта

пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
1. Осы нұсқауларды оқыңыз.

2. Осы нұсқауларды сақтаңыз.

3. Барлық ескертулерге назар аударыңыз.

4. Барлық нұсқауларды орындаңыз.

5. Бұл өнімді суға жақын жерде

пайдаланбаңыз.

6. Тек құрғақ шүберекпен сүртіңіз.

7. Желдету саңылауларын бітемеңіз.

Өндіруші нұсқауларына сай орнатыңыз.

8. Жылу батареялары, жылытқыштар,

пештер немесе басқа жылу шығаратын

кез келген аппараттардың (соның

ішінде, AV ресиверлер) жанына

орнатпаңыз.

9. Полярланған немесе жерге қосылатын

штепсельдік ұштың қауіпсіздік қорғауын

бұзбаңыз. Полярлы штепсельдік ұштың

бірі екіншісінен кеңірек болатын екі

істікшесі болады. Жерге тұйықталатын

штепсельдік ұштың екі жай және бір

жерге тұйықталған істікшесі болады.

Кең жақтау немесе үшінші өскін сіздің

қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді. Егер

қамтамасыз етілген штепсельдік ұш

розеткаға келмесе, ескі розетканы

ауыстыру мақсатында электр маманына

хабарласыңыз.

10. Қуат сымын үстінен жүруден қорғаңыз,

сондай-ақ оның әсіресе штепсельдік

ұшқа жалғасатын, розеткаға жақын

болатын және жабдықтан шығатын бөлігін

қысылып қалудан сақтаңыз.

11. Тек өндіруші ұсынған қосымшаларды/

қосалқы бөліктерді пайдаланыңыз.

12. Өндіруші көрсеткен немесе құралмен

бірге сатылған

арба (дөңгелекті

үстел), тұрақ,

штатив, кронштейн

немесе үстелді ғана

пайдаланыңыз.

Арбаны пайдаланған

жағдайда, төңкерілудің

нәтижесінде туындайтын жарақаттардың

алдын алу үшін арба/аппаратты қозғаған

кезде қауіпсіздік шараларын қадағалаңыз.

13. Найзағай мен дауылдарда немесе көп

уақыт пайдаланбағанда, өнімді ток

көзінен ажыратыңыз.

14. Жөндеу қажет болса, тек қана білікті

маманға апарыңыз. Ток өткізуші сым

немесе аша зақымдануы, сұйықтықтың

төгілуі немесе өнімнің үстіне заттардың

құлауы, өнімнің жаңбырдың астында

немесе ылғалды жерде қалуы, дұрыс

жұмыс істемеуі немесе құлауы сияқты

кез келген себеппен зақым келгенде

өнімді тексерту қажет.

Дискіні сақтау және басқару

Дискілерді қолдану

Диск пішіні

• Қалыпты пішіндегі

дискілерді

пайдаланыңыз.

Әдеттегіден тыс диск (арнайы пішінді

диск) қолданылса, ойнатқышты зақымдап

алуға болады.

Дискілерді қолмен ұстау

• Деректер жазылған диск

бетін ұстамауға тырысыңыз.

Blu-ray дискілері

• Blu-ray дискісін ойнатқыштың ішінде

ұзақ уақыт бойы қалдырмаңыз. Blu-ray

дискісін ойнатқыштан шығарып, қабында

сақтаңыз.

• Blu-ray дискісінің бетінде саусақ іздерін

немесе сызат қалдырмауға тырысыңыз.

DVD-VIDEO, аудио ышқам диск

(CD-DA)

• Дискідегі шаңды немесе кірді жұмсақ

шүберекпен сүртіп тазалаңыз.

Дискіні сақтау

Дискіге зақым келтірмеу үшін абай болыңыз,

себебі дискіде жазылған деректер қоршаған

орта әсерлеріне өте сезімтал.

• Күн сәулесі тікелей түспейтін жерде

сақтаңыз.

• Жақсы желдетілетін салқын жерде

сақтаңыз.

• Тігінен қойып сақтаңыз.

• Таза қорғау қаптамасында сақтаңыз.

• Ойнатқышты кенет салқын жерден жылы

жерге апарса, істеп тұрған бөліктері мен

линзаның беті ылғалданып, диск қалыпты

ойнатылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда,

ойнатқышты розеткадан ажыратып,

екі сағат күтіңіз де, штепсельдік ұшты

розеткаға қосыңыз. Одан кейін, дискіні

салып, қайта ойнатып көріңіз.

Қолдануға қатысты ескертулер

• Дискінің сыртқы бетіне қаламсаппен

немесе қарындашпен жазу жазбаңыз.

• Жазуды өшіруге арналған спрейлерді

немесе антистатикалық спрейлерді

қолданбаңыз. Сонымен қатар, бензол

немесе бояу еріткіші сияқты ұшпа

химиялық заттарды қолданбаңыз.

• Дискінің бетіне жапсырма қағаз бен стикерлерді

жапсырмаңыз. (Жапсырма таспаның немесе

стикерлердің желімі қалған дискілерді

пайдаланбаңыз.)

• Сызылып қалудан қорғайтын заттар

немесе жабындарды қолданбаңыз.

• Қолданыстағы жапсырма қағаз басатын

принтерлермен басылған дискілерді

пайдаланбаңыз.

• Сызылған немесе зақымдалған дискілерді

салмаңыз.

Advertising