Инструкция по эксплуатации Samsung HT-E6750W
Страница 95
Қазақша
29
|
04
Параметрлер
Жүйе
Бастапқы
баптаулар
Бастапқы параметрлерді орнату процедурасын қайта іске
қосуға мүмкіндік береді. Мәліметтер алу үшін 22-бетті
қараңыз.
Құрылғы
менедж.
Өнімнің алдыңғы жағындағы USB портына сымсыз USB
пернетақтасын немесе тінтуірін қосуға болады.
П-тақта параметрлері: Өнімге қосылған сымсыз USB
пернетақтасын теңшеуге мүмкіндік береді.
|
ЕСКЕРТПЕ
|
\ Веб-шолғышта QWERTY пернетақтасының экраны немесе терезесі пайда
болғанда ғана пернетақтаны пайдалануға болады.
Тінтуір параметрлері: Өнімге қосылған сымсыз USB
тінтуірін теңшеуге мүмкіндік береді. Тінтуірді компьютерде
пайдаланғандай өнімнің мәзірінде пайдалануға болады.
Тінтуірді өнімнің мәзірінде пайдалану үшін:
1 . USB тінтуірін өнімге қосыңыз.
2 . Тінтуір параметрлері ішінде таңдаған негізгі түймені
басыңыз. Қарапайым мәзір пайда болады.
3 . Қажетті мәзір параметрлерін нұқыңыз.
|
ЕСКЕРТПЕ
|
\ USB HID үлгісіне байланысты пернетақта мен тінтуір өніммен үйлесімді
болмауы мүмкін.
\ Кейбір HID пернетақта пернелері жұмыс істемеуі мүмкін.
\ Сымды USB пернетақталарына қолдау көрсетілмейді.
\ Кейбір бағдарламаларға қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
\ Сымсыз HID пернетақтасы кедергі себебінен жұмыс істемесе, пернетақтаны
өнімге жақындатыңыз.
Anynet+
(HDMI-CEC)
Anynet+ дегеніміз Anynet+ мүмкіндігі бар басқа Samsung
өнімдерімен байланысып әрекет ету және сол өнімдерді
бір Samsung теледидарының қашықтан басқару құралымен
басқаруға мүмкіндік беретін қолайлы функция болып
табылады.
Бұл функцияны пайдалану үшін осы өнімді HDMI кабелімен
Anynet+ Samsung теледидарына жалғау қажет.
Тіл
Экран мәзірі, диск мәзірі, субтитрлер, т.б. үшін тілді
таңдауға болады.
• Диск мәзірі, диск дыбысы немесе субтитрлер үшін
таңдалған тілге дискіде қолдау болса ғана ол көрсетіледі.
HT-E6750W_RU_KAZ_0227.indd 29
HT-E6750W_RU_KAZ_0227.indd 29
2012-02-27 오전 11:27:57
2012-02-27 오전 11:27:57