Инструкция по эксплуатации Samsung BD-E5300K
Страница 82
26
Көшіруден қорғау
• CSS (Мазмұнды шифрлеу жүйесі) DVD пішіміндегі дискілерге қолданылып жүргендей, AACS
(Мазмұнды күрделі қолдану жүйесі) Blu-ray пішімдегі дискілердің мазмұнын қорғайтын болып
мақұлданғандықтан, AACS қорғайтын мазмұнның ойнатылуы, аналогтық сигналдың шығысы,
т.б. сияқты параметрлерге белгілі бір шектеулер қойылған.
Осы өнімнің жұмыс істеуі және оған қойылатын шектеулер сатып алу уақытына қарай әр
түрлі болуы мүмкін, себебі AACS бұл шектеулерді өнім өндірілгеннен кейін бейімдеген және
/ немесе өзгерткен болуы мүмкін. Онымен қоса, Blu-ray пішіміндегі дискілер үшін BD-ROM
Mark және BD+ мазмұнды қорғаудың қосымша жүйесі ретінде қолданылады, сондықтан BD-
ROM Mark және / немесе BD+ қорғанысы орнатылған мазмұнына ойнату шектеулері сияқты
белгілі бір шектеулер орнатылады. AACS, BD-ROM Mark, BD+ немесе осы өнім туралы
қосымша ақпарат алу үшін, SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына хабарласыңыз.
• Blu-ray/DVD дискілерінің көбі көшіруден қорғалған. Осыған байланысты ойнатқышты
бейнетаспа ойнатқышы арқылы емес, тікелей теледидарға қосу қажет. Бейнетаспа
ойнатқышына жалғау көшіруден қорғалған Blu-ray/DVD дискілерінің дірілдеген бейне
көрсетуіне әкеледі.
• АҚШ және басқа елдердің авторлық құқығы туралы заңына сәйкес заңсыз жүргізілген жазу,
қолдану, көрсету, тарату немесе теледидар бағдарламаларын, бейнетаспаларды, Blu-ray
және DVD дискілерін көру азаматтық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуға әкелуі
мүмкін.
• Cinavia ескертуі : Бұл өнімде коммерциялық фильм мен бейнелердің және олардың саунд-
тректерінің рұқсатсыз көшірмелерін шектеу үшін Cinavia технологиясы пайдаланылады.
Пайдалануға тыйым салынған рұқсатсыз көшірмені пайдалану анықталса, хабар көрсетіледі
және ойнату немесе көшіру үзіледі. Cinavia технологиясы туралы қосымша ақпарат http : //
www.cinavia.com торабындағы Cinavia желілік тұтынушылар туралы ақпарат орталығында
берілген. Cinavia туралы қосымша ақпаратты пошта арқылы сұрау үшін пошта мекенжайыңыз
бар ашықхатты мына мекенжайға жіберіңіз : Cinavia Consumer Information Centre, P.O.
Box 86851, San Diego, CA, 92138, USA. Бұл Verance корпорациясының лицензиясы бар
жекеменшік технологияны қамтиды және АҚШ-тың 7,369,677 патентімен, әрі шығарылған
және күтудегі басқа АҚШ және дүниежүзілік патенттермен, сондай-ақ, авторлық
құқықтармен және осындай технологияның белгілі бір жақтарын құпия қорғаныспен
қорғалған. Cinavia –Verance корпорациясының сауда белгісі. Авторлық құқықтар, 2004-
2010 Verance корпорациясы. Барлық құқықтар Verance корпорациясымен қорғалған. Кері
жобалауға және бөлшектеуге тыйым салынады.
Желі қызметінің жауапкершілігінен бас тарту
О
сы құрылғы арқылы пайдалануға болатын барлық мазмұндар мен қызметтер үшінші
тараптардың иелігінде және авторлық құқықпен, патенттермен, сауда белгілерімен және/
немесе зияткерлік меншік заңдарымен қорғалған. Осындай мазмұн мен қызметтер тек сіздің
жеке, коммерциялық емес қолданысыңызға арналған. Мазмұн мен қызметтерді мазмұн иесі
немесе қызмет провайдері рұқсат етпеген жолмен пайдалануыңыз мүмкін болмауы ықтимал.
Жоғарыда аталмыш жағдайларды шектеместен, тиісті мазмұн иесі немесе қызмет провайдері
тікелей рұқсат еткен кездерден тыс, осы құрылғы арқылы қамтамасыз етілетін мазмұнды
немесе қызметтерді өзгерту, көшіру, қайта басып шығару, жүктеу, жариялау, тасымалдау,
аудару, сату, туынды жұмыстар жасау, пайдалану немесе кез келген жолмен я кез келген
тасушы арқылы тарату құқығыңыз жоқ.
ҮШІНШІ ТАРАП МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ «СОЛ ҚАЛПЫНДА» ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ.
СОЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН МАЗМҰНҒА НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЕШБІР МАҚСАТТА
SAMSUNG ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. SAMSUNG КЕЗ КЕЛГЕН
ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕРДІҢ, СОНЫҢ ІШІНДЕ БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕМЕСТЕН, САТУҒА НЕМЕСЕ
БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕН ТІКЕЛЕЙ ТҮРДЕ
БАС ТАРТАДЫ. SAMSUNG КОМПАНИЯСЫ ҚҰРЫЛҒЫ АРҚЫЛЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ЕШБІР
МАЗМҰННЫҢ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІҢ ДӘЛДІГІНЕ, ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА, УАҚЫТТЫЛЫЛЫҒЫНА,
ЗАҢДЫЛЫҒЫНА НЕМЕСЕ ТОЛЫҚТЫҒЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ, СОНДАЙ-АҚ SAMSUNG
КОМПАНИЯСЫ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА, СОНЫҢ ІШІНДЕ НЕМҚҰРАЙДЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА
ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, АРНАЙЫ НЕМЕСЕ ТАБИҒИ ЗАҚЫМҒА, ЗАҢГЕР АҚЫСЫНА,
ШЫҒЫНДАРҒА НЕМЕСЕ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АҚПАРАТТАН Я СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ, СОНДАЙ-АҚ,
ОСЫНДАЙ ЗАЛАЛДАРДЫҢ ТУУ ЫҚТИМАЛДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛГЕН БОЛСА ДА, СІЗДІҢ
НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ МАЗМҰНДЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУЫ
НӘТИЖЕСІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ЗАЛАЛДАРҒА ЖАУАПТЫ (КЕЛІСІМ НЕМЕСЕ
ДЕЛИКТ БОЙЫНША) БОЛМАЙДЫ.
Үшінші тарап қызметтерін кез келген уақытта жоюға немесе тоқтатуға болады, сондай-ақ
Samsung компаниясы ешбір мазмұнның немесе қызметтің кез келген уақыт аралығында
пайдалану мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасамайды немесе кепілдік бермейді. Үшінші тараптар
мазмұн мен қызметтерді Samsung басқара алмайтын желілер және тасымалдау құралдары
арқылы тасымалдайды. Осы жауапкершіліктен бас тарту мәлімдемесінің жалпы мазмұнын
шектеместен, Samsung компаниясы құрылғы арқылы қамтамасыз етілген кез келген
мазмұнның немесе қызметтің кідіртілуіне немесе тоқтатылуына қатысты жауапкершіліктен бас
тартады.
Samsung компаниясы мазмұнға және қызметтерге қатысты тұтынушы қызметіне жауапты да,
кінәлі де болмайды. Мазмұнға немесе қызметтерге қатысты кез келген мәселе немесе сұрау
мазмұнның және қызметтің тиісті провайдерлеріне тікелей жіберілуі тиіс.