Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F7500
Страница 172
Параметрлер
Жүйе
Қауіпсіздік
Әдепкі PIN коды – 0000. Өз PIN кодыңызды жасамаған
болсаңыз, қауіпсіздік функциясына кіру үшін әдепкі
PIN кодын енгізіңіз. Қауіпсіздік функциясына алғаш
рет кіргеннен кейін PIN кодын «PIN кодын өзгерту»
функциясының көмегімен өзгертіңіз.
BD ата-ана рейтингі: PIN енгізілмеген жағдайда
белгілі бір жас рейтингіне тең немесе одан жоғары
рейтингке ие Blu-ray дискілерін ойнатуға жол
бермейді.
DVD ата-ана бағалауы: PIN енгізілмеген жағдайда
белгілі бір сандық рейтингтен жоғары рейтингке ие
DVD дискілерін ойнатуға жол бермейді.
PIN кодын өзг.: қауіпсіздік функцияларына кіру
үшін пайдаланылатын 4 санды PIN кодын өзгертеді.
` PIN кодын ұмытып қалсаңыз:
1. Барлық дискілерді немесе USB жад
құрылғыларын ажыратыңыз.
2. Жоғарғы панельдегі @ түймесін 5 секунд немесе
одан артық басып тұрыңыз.
Экранда баптандыру хабары пайда болады және
қуат автоматты түрде өшеді.
Өнім қайтадан қосылған кезде, барлық
параметрлер қалпына келтіріледі.
Жалпы
Қалауларыңызға сәйкес келтіру үшін төменде
келтірілген параметрлерді өзгертуге болады.
Алдыңғы дисплей: алдыңғы панельдің жарықтығын
өзгертеді.
Уақыт белдеуі: тұратын жеріңіздің уақыт белдеуін
таңдау.
Мәзір мөлдірлігі: мәзір терезесінің мөлдірлігін
реттеу.
Anynet+ (HDMI-CEC)
Anynet+ дегеніміз Anynet+ мүмкіндігі бар басқа
Samsung ойнатқыштарымен байланысып әрекет ету
және сол өнімдерді бір Samsung теледидарының
қашықтан басқару құралымен басқаруға мүмкіндік
беретін қолайлы функция болып табылады. Бұл
функцияны пайдалану үшін осы ойнатқышты HDMI
кабелімен Anynet+ Samsung теледидарына жалғау
қажет.
DivX® талап бойынша DivX® VOD мазмұнын сатып алу және ойнату үшін,
DivX® VOD тіркеу кодтарын қараңыз.
|
28
Қазақша
[BD-F7500-RU]AK68-02349Q-07KAZ-.indd 28
2014-05-27 오전 10:51:00