Қосымша – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F7500
Страница 212
Қосымша
Ақаулықтарды жою
Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын, мына шешімдерді тексеріңіз.
АҚАУЛЫҚ
ШЕШІМІ
Қашықтан басқару құралымен ешбір әрекетті
орындау мүмкін емес.
• Қашықтан басқару құралындағы батареяларды тексеріңіз. Оларды ауыстыру
қажет болуы мүмкін.
• Қашықтан басқару құралы мен ойнатқыш арасы 6,1 метрден аспауы тиіс.
• Батареяларды шығарып алып, қашықтан басқару құралындағы
микропроцессордың қуатын бітіру үшін бір немесе бірнеше түймені бірнеше
минут басып тұрыңыз. Батареяларды қайта салып, қашықтан басқару құралын
қайта қосып көріңіз.
Диск ойнатылмайды.
• Диск суреті жоғары қаратылып салынғанын тексеріңіз.
• Blu-ray/ DVD дискісінің аймақтық кодын тексеріңіз.
Диск мәзірі көрсетілмейді.
• Дискіде диск мәзірлерінің бар екенін тексеріңіз.
Экранда тыйым салу хабарламасы көрсетіледі.
• Бұл хабарлама жарамсыз түйме басылған кезде көрсетіледі.
• Blu-ray/DVD дискісінің бағдарламалық құралы бұл мүмкіндікті (мысалы,
бұрыштарды) қолдамайды.
• Ауқымнан тыс тақырыпты, тарау нөмірін немесе іздеу уақытын сұрадыңыз.
Ойнату режимі Баптау мәзіріндегі таңдаудан
өзгеше.
• Диск тиісті функциямен кодталмаған болса, Баптау мәзірінде таңдалған кейбір
функциялар дұрыс істемеуі мүмкін.
Экран пішімін өзгерту мүмкін емес.
• Экран пішімі Вlu-ray/ DVD дискісінде бекітілген.
• Бұл ойнатқыштың ақаулығы емес.
Дыбыс жоқ.
• Дыбыс опциялары мәзірінен Цифрлық шығыс параметрі дұрыс таңдалғанын
тексеріңіз.
Экран бос.
• HDMI шығыс сигналының параметрі теледидар қолдамайтын ажыратымдылыққа
орнатылғанда (мысалы, 1080p), теледидарда бейне көрсетілмеуі мүмкін.
• Дискті салмастан, @ түймесін (жоғарғы панельде) 5 секундтан артық басып
тұрыңыз. Экранда баптандыру хабары пайда болады және қуат автоматты түрде
өшеді. Өнім қайтадан қосылған кезде, барлық параметрлер қалпына келтіріледі.
• Зауыттық әдепкі параметрлер қалпына келтірілгенде, пайдаланушының сақталған
бүкіл BD деректері жойылады.
Кілтсөзді ұмыттым.
• Дискті салмастан, @ түймесін (жоғарғы панельде) 5 секундтан артық басып
тұрыңыз. Экранда баптандыру хабары пайда болады және қуат автоматты түрде
өшеді. Өнім қайтадан қосылған кезде, барлық параметрлер қалпына келтіріледі.
Мұны аса қажетті жағдайда ғана қолданыңыз.
• Зауыттық әдепкі параметрлер қалпына келтірілгенде, пайдаланушының сақталған
бүкіл BD деректері жойылады.
|
68
Қазақша
[BD-F7500-RU]AK68-02349Q-07KAZ-.indd 68
2014-05-27 오전 10:51:09