Мазмұны қауіпсіздік туралы ақпарат – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZDS 105

Страница 2

Advertising
background image

2

Мазмұны

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Өз қауіпсіздігіңіз үшін жəне құрылғы дұрыс жұмыс
істеуі үшін оны орнатып, пайдаланбас бұрын осы

нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Тіпті құрылғыны
көшірсеңіз не сатсаңыз да, нұсқаулықты əрқашан онымен
бірге қалдырыңыз. Пайдаланушылар құрылғының жұмысы
мен қауіпсіздік мүмкіндіктерін толық білуге тиіс.

Дұрыс пайдалану

Құрылғы тек үйде пайдалануға ғана арналған.

Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын,
тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқтарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.

Құрылғыға еріткіш заттар салмаңыз. Жарылыс қаупі
бар.

Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын, ас
құралдары себетіне ұшын төмен қаратып салыңыз.
Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен салыңыз.

Ыдыс жуғыш машинаға арналған фирмалық
құралдарды (жуғыш зат, тұз, шайғыш зат) ғана
қолданыңыз.

Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін ашсаңыз, ыстық
бу шығып кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.

Жуу бағдарламасы аяқталмай тұрып ыдыс-аяқты ыдыс
жуғыш машинадан алмаңыз.

Жуу бағдарламасы аяқталған кезде ашаны розеткадан
суырып, судың шүмегін жабыңыз.

Бұл құрылғыны тек уəкілетті қызмет көрсету
маманы ғана жөндеуге тиіс. Тек фирмалық қосалқы
бөлшектерді ғана қолданыңыз.

Жарақат алуға жəне құрылғының бүлінуіне жол бермес
үшін құрылғыны өзіңіз жөндемеңіз. Əрқашан жергілікті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі шектеулі
немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін
тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар (соның
ішінде балалар) осы құрылғыны пайдаланбауға тиіс.
Олар осы құрылғыны өздерінің қауіпсіздігі үшін жауап

беретін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс.

Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін, ыдыс жуғыш
машинада қолданылатын жуғыш зат өндірушісінің
қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.

Ыдыс жуғыш машинадағы суды ішуге болмайды.
Құрылғыда жуғыш заттың қалдығы қалуы мүмкін.

Жарақат алып не ашық тұрған есікке соғылып қалмас
үшін құрылғыны пайдаланбаған кезде есігін əрқашан
жауып қойыңыз.

Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе үстіне
шықпаңыз.

Балалардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны тек ересек адамдар ғана қолдана
алады. Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды
үнемі қадағалап отыру керек.

Орам материалдарының барлығын балалардан аулақ
ұстаңыз. Тұншығып қалу қаупі бар.

Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Балаларға жуғыш затты ұстауға рұқсат бермеңіз.

Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балаларды оған
жақындатпаңыз.

Орнату

Құрылғының тасымалдау кезінде бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет
болса, сатушыға хабарласыңыз.

Алғаш рет іске қосар алдында орам материалдарының
барлығын алыңыз.

Құрылғыны электр желісіне білікті əрі уəкілетті маман
қосуға тиіс.

Құрылғыны құбыр желісіне білікті əрі уəкілетті маман
қосуға тиіс.

Қауіпсіздік туралы ақпарат _ __ __ __ __ __ __ __ __ __ _2
Басқару панелі __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ _3
Жуу циклы кестесі __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ _4
Жуу циклы кестесі __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ _4
Құрылғыны іске қосу __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ _4
Су жұмсартқыш __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ _5
Жуғыш зат үлестіргіші __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ _6
Шайғыш зат үлестіргіші _ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ _7

Ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салу _ __ __ __ __ __ __ _8
Ыдыс жуғыш машинада жууға жарамайды __ __ __ __ _9
Күтіп ұстау жəне тазалау __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ 10
Электр қосылымы туралы _ __ __ __ __ __ __ __ __ __ 11
Су құбырына қосу __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ 12
Орнату __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ 12
Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында _ __ 13
Техникалық ақпарат _ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ 14

Ескертусіз өзгертілуі мүмкін

Advertising