Шайғыш зат үлестіргіші – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZDS 105

Страница 7

Advertising
background image

7

Шайғыш зат үлестіргіші

ЖАБУ

АШУ

Шайғыш зат үлестіргішін қолдану

Үлестіргішті ашу үшін қақпағын “ашық” (сол жақ)

1.

көрсеткіге қарай бұрап, көтеріп шығарыңыз.
Шайғыш затты үлестіргішке ернеуінен асырмай

2.

абайлап құйыңыз.
Қақпақты “ашық” көрсеткісіне туралап орнына

3.

салыңыз да, “жабық” (оң жақ) көрсеткісіне қарай
бұраңыз.

Шайғыш зат соңғы шаю циклы кезінде, су тамшылары
ыдыс бетіне тұрып, дақ немесе жолақ қалдыруын
болдырмау үшін қосылады. Ол сондай-ақ ыдыстың бетін
көмкеру арқылы оны жақсы құрғатуға көмектеседі. Ыдыс
жуғыш машинаңыз сұйық шайғыш затты қолданатын етіп
жасалған. Шайғыш зат үлестіргіші есіктің ішкі жағында,
жуғыш зат үлестіргішінің қасында орналасқан. Үлестіргішті
толтыру үшін қақпағын ашыңыз да, оған шайғыш зат
деңгейін көрсететін индикатор қара түске енгенше шайғыш
заттан құйыңыз. Шайғыш зат сауытының сыйымдылығы
шамамен 140 мл.

Үлестіргіштің ернеуінен асырмай құйыңыз, себебі бұл
тым сабынды болып кетуіне əкелуі мүмкін. Төгіліп
қалса дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз. Ыдыс жуғыш
машинаның есігін жаппай тұрып, қақпағын орнына салуды
ұмытпаңыз. Қолданылатын су тұщы болса, шайғыш зат
қажет болмауы мүмкін, себебі ол ыдыс-аяқтың бетін
айғыздауы ықтимал.

Шайғыш зат үлестіргішін реттеу

Соңғы шаю циклы кезінде, шайғыш заттың белгілі бір
мөлшері құйылады. Жуғыш зат сияқты, шайғыш заттың
қажетті мөлшері де аймағыңыздағы судың кермектігіне
байланысты болады. Шайғыш затты тым көп қолдану
көбік пайда болып, жуылған ыдыста ақтаңдақ не жолақ
қалуы мүмкін. Тұратын жеріңіздегі су тым тұщы болса,
шайғыш зат қажет болмауы мүмкін. Егер қажет болса,
шайғыш затты алдымен дəл сондай мөлшердегі суға
ерітіңіз. Шайғыш зат үлестіргішінің алты немесе төрт
параметрі бар. Үлестіргішті əрқашан 2-ші қалыпқа қойып
іске қосыңыз. Ыдыста дақ қалса немесе дұрыс кеппесе,
шайғыш зат үлестіргішінің қақпағын ашып, тетігін 3-ші
қалыпқа қою арқылы шайғыш заттан тағы салыңыз. Егер
ыдыс бəрібір дұрыс кеппесе немесе онда дақ қалса,
ыдыс-аяқтың дақтары кеткенше тетікті келесі жоғары
мəнге қоя беріңіз. EN50242 стандарты бойынша, құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда үлестіргіштің тетігін ең жоғары
деңгейге қою керек.

D (

Шайғыш зат индикаторы)

Advertising