Басқару панелі – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZDS 105

Страница 3

Advertising
background image

3

Басқару панелі

Осы құрылғының техникалық сиапттамаларын
өзгертуге немесе түрлендіруге болмайды. Жарақат алу
жəне құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.

Құрылғыны төмендегі жағдайларда пайдаланбаңыз:
-

егер электр сымы немесе су ағатын түтіктері
бүлінген болса,

-

егер басқару панелі, жұмыстық беті немесе тұғыры бүлініп,
құрылғының ішкі жағы қол жетерліктей ашық қалса.

Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Құрылғының гидравликалық немесе электрлік
бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін оның қабырғаларын
бұрғылап теспеңіз.

Ескерту! Электрлік жəне сумен жабдықтау қосылы-
мдарына қатысты нұсқауларды мұқият орындаңыз.

1

Тетік

2

Қосу/өшіру түймешігі

3

Бастау/болдырмау түймешігі

4

Индикатор шамдар

Басқару құралдары

Тетік:

Жуу циклдарын таңдау үшін тетікті сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.

Қосу/өшіру түймешігі:

Ыдыс жуғыш машинаны іске қосуға арналған.

Бастау/болдырмау түймешігі:

Жуу циклын таңдағаннан кейін ыдыс жуғыш машинаны
іске қосу үшін осы түймешікті басыңыз немесе циклды
болдырмау үшін осы түймешікті 3 рет басыңыз.

Индикатор шамдар

Бастау / болдырмау индикатор шамы:

Бастау / болдырмау түймешігі басылған кезде жанады.

Қуат индикаторы:

Қосу/өшіру түймешігі басылған кезде жанады.

Цикл соңы индикаторы:

Бағдарлама аяқталған кезде жанады.

Advertising