Мульти таб функциясы – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF45030W

Страница 33

Advertising
background image

Мульти таб функциясы

Multitab функциясы аралас

таблеткаларға арналған.

Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш,

шайғыш зат және ыдыс жуғыш машина

тұзы тәрізді заттар бар. Кей

таблеткалардың құрамында басқа да

заттар болады.

Бұл таблеткалардың жергілікті жердің

суының кермектігіне сай келетін-

келмейтінін тексеріңіз. Өндіруші

нұсқауларын орындаңыз.

Мultitab функциясын орнатсаңыз, ол

қайта ажыратқанша қосылып тұрады.

Мultitab функциясы шайғыш зат пен

тұздың ағуын автоматты түрде

тоқтатады. Шайғыш зат пен тұздың

анықтағыш шамдары өшеді.

Мultitab функциясын қолдансаңыз,

бағдарлама ұзаққа созылуы мүмкін.

Multitab функциясын жуу

бағдарламасын бастамай тұрып

қосыңыз не өшіріңіз.

Бағдарлама жұмыс жасап тұрған

кезде multitab функциясын қосып не

өшіре алмайсыз. Жуу

бағдарламасын өшіріңіз де, содан

соң бағдарламаны қайта орнатыңыз.

Multitab функциясын қосу үшін:

• Multitab түймешігін басыңыз. Multitab

анықтағыш шамы жанады.

Multitab функциясын өшіру үшін:

• Multitab түймешігін басыңыз. Multitab

анықтағыш шамы өшеді.

Құрғату нәтижесі

қанағаттандырмаса мына

қадамдарды орындаңыз:

1. Шайғыш зат үлестіргішіне

шайғыш заттан салыңыз.

2. Шайғыш зат үлестіргішін

белсенді күйге көшіріңіз.

3. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін

2-ші орынға қойыңыз.

• Шайғыш зат үлестіргішін тек

multitab функциясы белсенді күйде

тұрғанда ғана қосуға не өшіруге

болады.

Шайғыш зат үлестіргішін қосу/өшіру

үшін:

Құрылғыны өшіріп қою қажет.

1. Бастау/болдырмау түймешігін басып

ұстап тұрыңыз. Бағдарлама

түймешесін бағдарлама көрсеткіші

басқару панеліндегі ең бірінші жуу

бағдарламасына келгенше сағат

бағытына қарсы бұраңыз.

2. Бейнебетте судың кермектігі пайда

болған кезде бастау/болдырмау

түймешігін босатыңыз.

3. Бағдарлама түймешесін бағдарлама

көрсеткіші басқару панеліндегі екінші

жуу бағдарламасына бағытталғанша

сағат бағытына қарсы бұраңыз.

4. Сандық бейнебетте шайғыш зат

үлестіргіші қойылған ағымдық

параметр көрсетіледі.

Шайғыш зат

үлестіргіші

ажыратылған
Шайғыш зат

үлестіргіші қосылған

5. Параметрді өзгерту үшін бастау/

болдырмау түймешігін басыңыз.

Сандық бейнебетте жаңа параметр

пайда болады.

6. Әрекетті машина жадына кіргізу үшін

бағдарлама түймешесін off қалпына

қойыңыз.

Қалыпты жуғыш затты қайта

пайдалану үшін:

1. Multitab функциясын

ажыратыңыз.

2. Тұз сауыты мен шайғыш зат

үлестіргішін толтырыңыз.

3. Су кермектігі параметрін ең

жоғарғы деңгейге қойыңыз.

4. Жуу бағдарламасын еш ыдыссыз

орындаңыз.

5. Су жұмсартқыштың деңгейін

өзіңіз тұратын жердегі судың

кермектігіне лайықтаңыз.

6. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін

белгілеңіз.

electrolux 33

Advertising