Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF45030W
Страница 40
не жел қуатынан)алынса, қуат шығынын
азайту үшін ыстық суды пайдалануды
ұсынамыз.
Су құятын түтікшені сыртқы резьбасы 3/4
дюйм болатын су шүмегіне қосыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Ескі
құрылғылардың қосылым
түтікшелерін пайдаланбаңыз.
Су қысымы көрсетілген шектерден
аспауға тиіс ("Техникалық деректер"
тарауын қараңыз). Жергілікті су
басқармасынан тұратын жеріңіздегі
құбырлардың орташа қысымын беруін
талап етіңіз.
Су құятын түтікшенің еш жерінің
түйнектелмей, не жаншылып не болмаса
шиеленіспей тұрғандығын тексеріңіз.
Су жылыстап ағып кетпес үшін
контргайканы дұрыс орнатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны ұзақ уақыт
қолданылмаған құбырларға не жаңа
құбырларға қоспаңыз. Су құятын
түтікшені суды бірнеше минут
ағызған соң ғана жалғаңыз.
Су құятын түтікше екі қабатты қабықтан
тұрады және оның қауіпсіздік клапанына
арналған ішкі электр сымы бар. Су
құятын түтікшеде тек су ағып тұрған
кезде ғана қысым бар болады. Су құятын
түтікшеден су кетсе, қауіпсіздік клапаны
ағып жатқан суды тоқтатады.
Су құятын түтікшені қосатын кезде абай
болыңыз:
• Су құятын түтікшені не қауіпсіздік
клапанын суға салмаңыз.
• Су құятын түтікшеге не қауіпсіздік
клапанына нұқсан келсе, ашаны
розеткадан дереу ажыратыңыз.
• Қауіпсіздік клапаны бар су құятын
түтікшені тек қызмет көрсету
орталығына ауыстыруға рұқсат етіңіз.
Назарыңызда болсын! Қатерлі
кернеу
Су төгетін түтікше
1. Су төгетін түтікшені раковина түтігіне
жалғап, оны жұмыс тақтасының
астына бекітіңіз. Бұл раковинадан
ағатын кір су құрылғыға құйылып
кетуден сақтайды.
2. Су төгетін түтікшені желдеткіш
тесігі(ішкі диаметрі минимум 4 см) тік
құбырға жалғаңыз.
max 85 cm
min 40 cm
max 400 cm
Су төгетін түтікшенің еш жерінің
майысып не жаншылып суды ағызбай
қою тұрмағанын тексеріңіз.
Ыдыс жуғыш машина суын төгіп тұрған
кезде, су құрылғыға қайта құйылып
кетпес үшін раковина тығынын алып
қойыңыз.
Су төгетін түтікшені 2 м артық ұзартуға
болмайды. Ішкі диаметрі түтікше
диаметрінен кіші болмауға тиіс.
Су төгетін түтікшені раковинаның
астындағы түтікке түйістіру үшін пластик
қабықты(A)алыңыз. Қабықты алмасаңыз
ас қалдықтары су төгетін түтікті
толтырып қояды.
40 electrolux