Не істерсіңіз, егер – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF45030W

Страница 37

Advertising
background image

9. Тегіс сүзгіні (C) құрылғы түбіне

салыңыз.

10. Ірі көзді

сүзгіні(A)микросүзгіге(B)салып,

екеуін қатар басыңыз.

11. Сүзгі жүйесін орнына қойыңыз.

12. Сүзгі жүйесін бекіту үшін микросүзгі

(B)ұстағышын өз орнына түскенше

сағат бағытымен бұраңыз.

13. Астыңғы себетті салыңыз.

14. Есікті жабыңыз.

Бүріккіш түтіктерді алмаңыз.

Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп

қалса, оны жіңішке шырпымен

тазалаңыз.
Сыртын тазалау
Машинаның сыртын және басқару

панелін дымқыл жұмсақ матамен

тазалаңыз. Тек нейтрал тазалағыш

заттарды қолданыңыз. Түрпілі не қатты

тазалағыш заттарды, еріткіштерді

(ацетон, трихлорэтилен, т.с.с.)

пайдаланбаңыз.
Мұздап кетуден сақтау

Сақтандыру туралы ескерту!

Құрылғыны температурасы 0 °C

градустан төмен түсетін жерге

орнатпаңыз. Өндіруші құрылғыға

мұздап қалудан келген зиян үшін

жауапты емес.

Басқа мүмкіндік болмаса, құрылғыны

босатыңыз да, есігін жабыңыз. Су құятын

түтікшені ағытып, су құятын түтікшедегі

суды төгіңіз.

Не істерсіңіз, егер...

Құрылғы жұмыс істей бастамайды не

жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.

Құрылғыда ақау бар болса, оны алдымен

өзіңіз шешіп көруге тырысыңыз.

Мәселенің шешімін өзіңіз таба

алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!

Ақаулықты төменде көрсетілген

ұсыныстар бойынша түзетуді

бастамай тұрып, құрылғыны

өшіріңіз.

Қателер коды және дұрыс істемеу

Мүмкін себептері және шешетін жолдары

• сандық бейнебетте

пайда

болады

Ыдыс жуғыш машинаға су толмай

тұр

• Су құйылатын шүмек бітелген не оған қақ тұрған.

Су құйылатын шүмекті тазалаңыз.

• Су құйылатын шүмек жабық.

Су құйылатын шүмекті ашыңыз.

• Су құятын түтікшедегі сүзгі бітеліп қалған.

Сүзгіні тазалаңыз.

• Су құятын түтікше дұрыс жалғанбаған. Түтікше

шиеленісіп не жаншылып қалуы мүмкін.

Түтікшенің дұрыс жалғанғанын тексеріп алыңыз.

• сандық бейнебетте

пайда

болады

Ыдыс жуғыш машинаның суы

төгілмей жатыр

• Раковина түтігі бітеліп қалған.

Раковинаның түтігін тазалаңыз.

• Су төгетін түтікше дұрыс жалғанбаған. Түтікше

шиеленісіп не жаншылып қалуы мүмкін.

Түтікшенің дұрыс жалғанғанын тексеріп алыңыз.

• сандық бейнебетте

пайда

болады

Тасқынға қарсы құрал қосылып

кетеді

• Су құятын шүмекті жауып, жергілікті қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

electrolux 37

Advertising