Құрылғыны қолдану – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF43005W
Страница 21
Индикатор шамдар
Жуу циклінің индикаторы. Бұл жуу циклі немесе шаю циклі іске қосылған
кезде жанады.
Кұрғату циклінің индикаторы. Бұл құрғату циклі іске қосылған кезде
жанады.
"Соңы" индикаторы. Келесі жағдайларда жанады:
• Жуу бағдарламасы аяқталғанда.
• Су жұмсартқыштың деңгейін реттеген кезде.
• Құрылғыда ақау пайда болғанда.
Тұз индикаторы. Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде
жанады.
1)
Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат жанған
қалпы тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс əсер етпейді.
Шайғыш зат индикаторы. Бұл индикатор шайғыш зат сауытын толтыру
қажет болған кезде жанады.
1)
1) Жуу бағдарламасы орындалып жатқанда тұз жəне/не шайғыш зат сауыттары босап қалса, тиісті
индикатор шамдары жанбайды.
Бағдарлама нұсқаулығы
Бұл нұсқаулық жуу бағдарламасын
таңдауға көмектеседі.
Бағдарлама тетігі жəне қосу/сөндіру
индикаторы
Құрылғыны іске қосуға жəне жуу
бағдарламасын орнатуға арналған
• Тетіктегі бағдарлама көрсеткішті жуу
бағдарламасына келтіріп қойыңыз.
'Жуу бағдарламалары' тарауын
қараңыз. Қосу/өшіру индикаторы
жанады.
Құрылғыны сөндіруге арналған
• Бағдарлама көрсеткішін қосу/сөндіру
индикаторына келтіріңіз. Қосу/сөндіру
индикаторы сөнеді.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Жуу бағдарламасын үш сағатқа
кешіктіріп бастау үшін осы түймешікті
басыңыз. 'Жуу бағдарламасын таңдау
жəне бастау' тарауын қараңыз.
Бастау/болдырмау түймешігі
Бұл түймешікті келесі əрекеттерді
орындау үшін қолданыңыз:
• Жуу бағдарламасын бастау. 'Жуу
бағдарламасын таңдау жəне бастау'
тарауын қараңыз.
• Орындалып тұрған жуу
бағдарламасын біржола тоқтату. 'Жуу
бағдарламасын таңдау жəне бастау'
тарауын қараңыз.
• Су жұмсартқыштың деңгейін
электрондық тəсілмен баптау үшін.
'Су жұмсартқышты орнату' тарауын
қараңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
1. Су жұмсартқыштың деңгейі тұратын
жеріңіздегі судың кермектігіне сай
деңгейге қойылғанына көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, су жұмсартқыштың
деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат сауытына шайғыш
заттан салыңыз.
4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды
құрылғыға салыңыз.
5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен
ластығына қарай жуу
бағдарламасын дұрыс орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш
затты тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
electrolux 21