Күту менен тазалау, Не істерсіңіз, егер – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF43005W

Страница 27

Advertising
background image

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

Сүзгілерді алу жəне тазалау
Қоқыс тұрған сүзгілер жуу нəтижесін

төмендетеді.

Бұл сүзгілер көп күтімді талап етпесе

де, оларды мезгіл-мезгіл тексеріп,

қажет болса, тазалап отыруды

ұсынамыз.

1. (A) сүзгісін сағат бағытына қарсы

бұрап, (B) сүзгісінен алыңыз.

A

B

2. (A) сүзгісі екі бөліктен тұрады. Сүзгіні

ағытып алу үшін оларды бір-бірінен

ажыратыңыз.

3. Бөліктерін сумен əбден тазалаңыз.

4. (A) сүзгісінің екі бөлігін өзара

біріктіріңіз де, үстінен басыңыз.

Олардың бір-біріне дұрыс кірігіп

орналасқанына көз жеткізіңіз.

5. (B) сүзгісін алыңыз.

6. (B) сүзгісін сумен əбден жуыңыз.

7. (B) сүзгісін əдепкі орнына қойыңыз.

Сүзгінің екі бағыттағыштың (C)

арасына дұрыс кірігіп

орналасқанына көз жеткізіңіз.

C

8. (A) сүзгісін (B) сүзгісіндегі орнына

қойыңыз. (A) сүзгісін сағат

бағытымен бекітілгенше бұраңыз.

Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.

Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп

қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен

тазалаңыз.
Құрылғының сыртын тазалау
Құрылғының сыртын жəне басқару

панелін дымқыл, жұмсақ шүберекпен

тазалаңыз.

Тек бейтарап тазартқыш заттарды

қолданыңыз.

Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені

немесе еріткіштерді (мысалы, ацетон)

пайдаланбаңыз.

НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...

Құрылғы жұмыс істей бастамайды

немесе жұмыс істеп тұрып тоқтап

қалады.

Алдымен ақаулықты түзету жолын

іздеңіз (кестеге қараңыз). Өзіңіз түзете

алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Кей ақаулықтар орын алғанда,

индикаторлар жыпылықтап, ескерту

кодтарын көрсетеді.

electrolux 27

Advertising