Орнату – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF43005W
Страница 31
қайта өңделетін қалдықтарды салуға
арналған контейнерге тастаңыз.
ОРНАТУ
Ас үй қаптамасының астына орнату
Құрылғыны су ағатын шүмек пен су
төгетін құбырға жақын
орналастырыңыз.
Құрылғыны раковина астына немесе ас
үй қаптамасының астына орнату үшін,
үстіндгі жұмыс алаңын алыңыз.
Құрылғы орнатылатын қаптаманың ішкі
өлшемі, суреттегі өлшемдерге сай
екендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғының жұмыс алаңын алу
тəсілі
1. Артқы бұрандаларды алыңыз (1).
2. Жұмыс алаңын құрылғының артқы
жағынан тартыңыз (2).
3. Жұмыс алаңын көтеріңіз де,
алдыңғы саңылаулардан
шығарыңыз (3).
4. Құрылғыны реттемелі сирақтардың
көмегімен тіктеп орнатыңыз.
5. Құрылғыны ас үй қаптамасының
астына орнатыңыз. Орнатып
жатқанда, су жүйесіне қосылатын
түтіктерін майыстырып немесе
жаншып алмаңыз.
Құрылғыны тіктеп орнату
Құрылғының деңгейін дұрыс ретке
келтіріп орнатсаңыз, есік нығыз
жабылады.
Құрылғыны дұрыс тіктеп орнатпасаңыз,
есігі ас үй қаптамасының жақтауларына
тиіп қалады.
Құрылғының деңгейін реттеу үшін
реттемелі сирақтарын босатыңыз
немесе қатайтыңыз.
Су төгетін жүйеге қосу
Су төгетін түтікті мына жерге
жалғаңыз:
• раковина түтікшесіне жалғап, жұмыс
алаңының астына орнықтырыңыз.
Бұл раковинадан ағатын лас судың
құрылғыға қайта құйылуына жол
бермейді.
• Желдеткіш саңылауы бар тік құбыр.
Ішкі диаметрі минимум 4 см болуға
тиіс.
electrolux 31