Бұйым сипаттамасы, Жұмыс жүйесі, 7 қоршаған ортаны қорғау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERN1501AOW
Страница 18: 1 қосу, 2 өшіру, 3 температураны баптау
1.7 Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш
сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон қабатына
зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл
құрылғыны тұрмыстық қалдық пен
қоқыстар тасталатын жерге тастауға
болмайды. Оның изоляция
қабаттамасында тұтанғыш газдар
бар: құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын жарамды
ережелерге сай тастау қажет.
Салқындатқыш құралға, әсіресе оның
қызу алмастырғышқа жақын артқы
бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда
пайдаланылған белгішесімен
белгіленген материалдар қайта
өңдеуден өткізуге жарайды.
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
2
3
4
5
6
7
8
1
1
Сақтау сөрелері
2
Температураны реттеу тетігі және ішкі
жарықтама
3
Сары май және ірімшік салуға арналған
қақпағы бар бөлік
4
Есіктің сөресі
5
Өзгермелі сақтау бөлігі
6
Бөтелке ұстатқыш
7
Жеміс және көкөністерге арналған сауыт
8
Техникалық ақпарат тақтайшасы (ішінде)
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
3.1 Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Температура түймешесін сағат бағытымен
бұрай отырып орташа температураға
қойыңыз.
3.2 Өшіру
Құрылғыны өшіру үшін температура
түймешесін "O" қалпына қойыңыз.
3.3 Температураны баптау
Температура автоматты түрде қойылады.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекетті
орындаңыз:
• суықтықты азайту үшін температура
түймешесін суықтың төменгі деңгейіне
қарай бұраңыз.
• суықтықты жоғары деңгейге қою үшін
температура түймешесін суықтың
максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Әдетте орташа суықтықты таңдаған
дұрыс.
Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату үшін
құрылғының ішіндегі температураның
төмендегі жағдайларға:
• бөлме температурасына
• есіктің қаншалықты жиі ашылғандығына
• сақталатын тағамның мөлшеріне
• құрылғы орнатылған жерге байланысты
екендігін есте ұстау қажет.
18 www.electrolux.com