Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер, 3 температура индикаторы, 4 есіктің сөрелерін орналастыру – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERN1501AOW
Страница 20: 1 қалыпты жұмыс кезінде естілетін шуыл, 2 қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес, 3 жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
5.3 Температура индикаторы
Бұл құрылғы Францияда сатылады.
Осы елде қолданылатын ережелерге
сәйкес бұл құрылғы тоңазытқыштың
ең суық зонасын көрсетіп тұру үшін
оның астыңғы бөлігінде
орналастырылған арнайы құралмен
(суретті қараңыз) жабдықталуға тиіс.
5.4 Есіктің сөрелерін орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды
орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі
биіктікке қоюға болады.
Бұл үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен
тартып шығарыңыз да, қажетті орынға
қойыңыз.
6. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
6.1 Қалыпты жұмыс кезінде
естілетін шуыл
• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы
аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе
көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі
мүмкін. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылып тұрған кезде,
тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да,
компрессордан сырылдаған, сондай-ақ
дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл
дұрыс.
• Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде,
кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық
феномен емес. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылғанда немесе өшкенде,
температура түймешесінің ақырын "сырт"
еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
6.2 Қуатты үнемдеуге қатысты
ақыл-кеңес
• Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан
артық уақыт ашып тұрмаңыз.
• Орта температурасы жоғары болса,
температура регуляторы ең жоғарғы
параметрге қойылса және тоңазытқыш
ішіне тамақ толтырылса салынса,
компрессор буландырғыш құралдың үстіне
мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін.
Бұндай жағдай орын алса, температура
регуляторын құрылғы электр қуатын
үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі
көрсеткішке қойыңыз.
6.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
20 www.electrolux.com