Бірінші қолдану, Әркүндік қолдану, 1 ішін тазалау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERN1501AOW
Страница 19: 1 жылжымалы сөрелер, 2 ылғалдылықты бақылау
Егер бөлме температурасы жоғары
болса не тағам тоңазытқыш ішіне
толтыра салынса және құрылғы
төменгі температурада тұрса,
құрылғы үздіксіз жұмыс жасап оның
қабырғасына қырау тұруы мүмкін.
Бұндай жағдайда түймешені жоғары
температураға қойып,құрылғы мұзын
қуатты көп шығындамай, өздігінен
еріп кетуіне мүмкіндік беру қажет.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
4.1 Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші
мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды
пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
сыртқы қабатына зиян келтіреді.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
5.1 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қалауыңызша орналастыруға арналған
бірнеше бағыттауыш бар.
Ауаның дұрыс айналуын қамтамасыз
ету үшін, көкөніс салынатын
тартпаның бетіндегі шыны сөрені
алмаңыз.
5.2 Ылғалдылықты бақылау
Шыны сөре көкөніс салынатын сөре(лер)дің
температурасын реттеуге мүмкіндік беретін
саңылаулары (сырғыма тетіктің көмегімен
реттелетін) бар құралмен жабдықталған.
Желдету саңылаулары жабық тұрған кезде:
жеміс пен көкөніс тартпасына салынған
тағамның құрамындағы табиғи ылғалдылық
ұзағырақ сақталады.
Желдету саңылаулары ашық тұрған кезде:
ауа көбірек айналып тұрса, жеміс пен көкөніс
салынатын бөліктердегі ауаның ылғалдылығы
төменірек болады.
ҚАЗАҚ
19