3 өшіру, 4 температураны реттеу, 5 бала қауіпсіздігінің құралы режимі – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERF4161AOW
Страница 6: 6 демалыс режимі, 7 ecomode, 8 қосымша ылғалдылық режимі
Орнатылған басқа температураны таңдау
үшін "Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
2.3 Өшіру
Құрылғыны сөндіру үшін мына әрекеттерді
орындаңыз:
1.
ON/OFF түймешігін 3 секунд басыңыз.
2.
Бейнебет сөнеді.
3.
Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін
ашаны розеткадан суырыңыз.
2.4 Температураны реттеу
Тоңазытқыштың орнатылған температурасын
температура түймешігін басып реттеуге
болады.
Орнатылған әдепкі температура: тоңазытқыш
үшін +4°C.
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде
орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура сақтаулы
қалады.
2.5 Бала қауіпсіздігінің құралы
режимі
Түймешіктер арқылы орындалатын кез келген
жұмысты бұғаттау үшін Бала қауіпсіздігінің
құралы режимін таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Бала қауіпсіздігінің құралы режимінің
түймешігін басыңыз.
2.
Бала қауіпсіздігінің құралы режимінің
индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Бала қауіпсіздігінің құралы режимінің
түймешігін басыңыз.
2.
Бала қауіпсіздігінің құралы режимінің
индикаторы өшеді.
2.6 Демалыс режимі
Бұл функция ұзақ демалысқа кетерде
жағымсыз иіс пайда болдырмай,
тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
Демалыс функциясы іске қосулы
тұрғанда, тоңазытқыш бөлік бос
болуға тиіс.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
Демалыс индикаторы бірнеше секунд
жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған температураны
көрсетеді.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Mode түймешігін Демалыс индикаторы
жыпылықтағанша басыңыз.
2.
Демалыс индикаторы өшеді.
Функция тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдаған кезде ажыратылады.
2.7 EcoMode
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
EcoMode режимін таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
EcoMode индикаторы бірнеше секунд
жыпылықтайды.
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді:
– тоңазытқыш үшін: +4°C
2.
EcoMode индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Mode түймешігін EcoMode индикаторы
жыпылықтағанша басыңыз.
2.
EcoMode индикаторы сөнеді.
Функция басқа орнатылған
температураны таңдағанда
ажыратылады.
2.8 Қосымша ылғалдылық режимі
Тоңазытқыштың ылғалдылығын арттыру
керек болса, Қосымша ылғалдылық
функциясын іске қосуды ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Қосымша ылғалдылық индикаторы
жыпылықтайды.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Mode түймешігін Қосымша ылғалдылық
индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.
2.
Қосымша ылғалдылық индикаторы өшеді.
6
www.electrolux.com