6 freshzone тартпа, 7 ылғалдылықты басқару – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERF4161AOW
Страница 9
3.6 Freshzone тартпа
FreshZone тартпасы балық, ет, теңіз өнімдері
сияқты жас тағамдарды сақтауға қолайлы,
себебі бұл тартпаның температурасы,
тоңазытқыштың басқа жеріндегі
температурадан төмен.
3.7 Ылғалдылықты басқару
Көкөніс пен жеміс-жидекті тоңазытқышта
сақтаған кезде, оларды тартпалы жәшікке
салған дұрыс болады. Тоңазытқыштағы
температура төмен қалпында сақталады да,
азық-түліктің ескіруін баяулатады. Қалыпты
жағдайларда, көкөніс салатын тартпа
толмаған кезде, және оның ішінде түрлі
көкөніс пен жеміс-жидек аралас болса,
ылғалдылықты басқару тетігін үлкен
тамшымен көрсетілген жоғары ылғалдылық
қалпына қою керек. Бұл үстіңгі тордың
жабылып, тартпалы жәшіктің ішінде жоғары
ылғалдылық сақталатынын білдіреді. Бұл
стандартты параметр болуға тиіс. Кейде
тартпаның іші толып тұрған кезде азық-түлік
аса жақсы салқындамауы мүмкін, сондықтан
ауа өтетін саңылауларды кішкентай тамшыға
қарай ашып қоған дұрыс. Көкөністер әдетте
судың булануы арқылы өздігінен
салқындайды, ал саңылаулар жабық болса,
тартпаның ішінде су тамшылары түзіліп, су
жиналуы мүмкін. Көп су жинауы мүмкін
көкөніске салаттар, саңырауқұлақтар,
брокколи мен сәбіз жатады. Азық-түліктің
ішінде алма мен жеміс-жидек болған
жағдайда, этилен жиналып қалу қаупін
болдырмау үшін саңылауларды сәл ашып
қойған дұрыс болуы мүмкін. Этилен дегеніміз
кейбір көкөністер мен жемістерден бөлінетін
өсу гормоны болып табылады және бұл кейбір
адамдарға зиян келтіруі, тезірек қартайтуы
мүмкін.
ҚАЗАҚ
9