Әркүндік қолдану, 9 shoppingmode, 10 “есік ашық” ескерту сигналы – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERF4161AOW
Страница 7: 1 температура индикаторы, 2 жылжымалы сөрелер
2.9 ShoppingMode
Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-
түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе,
тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес
үшін ShoppingMode функциясын іске қосуды
ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
ShoppingMode түймешігін басыңыз.
ShoppingMode индикаторы көрінеді.
ShoppingMode функциясы шамамен 6
сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай
тұрып өшіру үшін:
1.
ShoppingMode түймешігін басыңыз.
2.
ShoppingMode индикаторы сөнеді.
Балама тәсіл:
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
ShoppingMode индикаторы бірнеше
секунд жыпылықтайды.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай
тұрып өшіру үшін:
1.
Mode түймешігін ShoppingMode
индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.
2.
ShoppingMode индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдаған кезде ажыратылады.
2.10 “Есік ашық” ескерту сигналы
Есік бірнеше минут ашық қалса, дыбыстық
сигнал естіледі. Есіктің ашық тұрғандығы
төмендегі белгі арқылы көрсетіледі:
• Ескерту индикаторы жыпылықтайды
• дыбыстық сигнал
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан кейін (есік
жабылғанда), дыбыстық сигнал тоқтайды.
Ескерту сатысында кез келген түймешікті
басып ескерту сигналын ажыратуға болады.
3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
3.1 Температура индикаторы
Бұл құрылғы Францияда сатылады.
Осы елде қолданылатын ережелерге
сәйкес бұл құрылғы тоңазытқыштың
ең суық зонасын көрсетіп тұру үшін
оның астыңғы бөлігінде
орналастырылған арнайы құралмен
(суретті қараңыз) жабдықталуға тиіс.
3.2 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қалауыңызша орналастыруға арналған
бірнеше бағыттауыш бар.
ҚАЗАҚ
7