Инструкция по эксплуатации LG 32LB561U
Страница 76
6
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
ENG
ҚАЗАҚША
y
Теледидарды тірекке орнатсаңыз, өнімнің аударылуын болдырмау әрекеттерін
орындау керек. Әйтпесе, өнім аударылып, жарақаттауы мүмкін.
y
Мониторды қабырғаға орнату керек болса, VESA стандартты орнату интерфейсін (қосымша бөлшектер)
өнімнің артқы жағына бекітіңіз. Қабырғаға орнату интерфейсін (қосымша бөлшектер) пайдаланып,
теледидарды орнатқанда, түсіп кетпейтіндей мұқият бекітіңіз.
y
Тек өндіруші көрсеткен қосымша жабдықтарды қолданыңыз.
y
Антеннаны орнатқанда білікті қызмет көрсету маманнан кеңес алыңыз.
Бұл өрт шығу қаупін немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
y
Теледидарды көргенде экран диагоналінің ұзындығынан 2-7 еселік қашықтықты
сақтау ұсынылады.
Теледидарды ұзақ уақыт көргеннен кейін көзіңіз бұлдырауы мүмкін.
y
Тек көрсетілген батарея түрін пайдаланыңыз.
Бұл қашықтан басқару құралын зақымдауы мүмкін.
y
Жаңа батареяларды ескі батареялармен араластырмаңыз.
Бұл батареялардың шамадан тыс қызуын және ағып кетуін тудыруы мүмкін.
y
Батареялар шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс, мысалы, тікелей күн сәулесі түспейтін, ашық от
пен электр жылытқыштардан алыс жерде сақтаңыз.
y
Зарядталмайтын батареяларды зарядтағышқа салушы БОЛМАҢЫЗ.
y
Қашықтан басқару құралы мен сенсордың арасында еш нәрсе тұрмауын тексеріңіз.
y
Қашықтан басқару құралының сигналына күн сәулесі немесе басқа күшті жарық
кедергі тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда бөлмені күңгірттеңіз.
y
Бейне ойын консольдері сияқты сыртқы құрылғыларды жалғау алдында жалғау
кабельдерінің ұзындығы жеткілікті екенін тексеріңіз.
Әйтпесе, өнім құлап немесе аударылып, жарақаттауы немесе өнімді зақымдауы
мүмкін.
y
Өнімді қуат сымын қабырға розеткасына қосу немесе шығару арқылы қосып/
өшірмеңіз. (Штепсельдік ұшты қосқыш ретінде пайдаланбаңыз.)
Бұл механикалық ақаулық немесе сымнан электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.