Жұмысты бастау – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F6500

Страница 150

Advertising
background image

Жұмысты бастау

Сурет файлын қолдау

Файл кеңейтімі

Түрі

Ажыратымдылығы

*.jpg

*.jpeg

JPEG

15360x8640

*.png

PNG

4096x4096

*.bmp

BMP

4096x4096

*.mpo

MPO

15360x8640

USB байланысына қатысты ескертпелер

• Ойнатқыш USB жад құрылғысын, MP3

ойнатқыштарын, сандық камераларды және

USB картасын оқу құрылғыларын қолдайды.

• Кейбір USB/сандық бейнекамера құрылғылары

ойнатқышпен үйлесімді болмауы мүмкін.

• Ойнатқыш FAT16, FAT32 және NTFS файл

жүйелерін қолдайды.

• USB құрылғыларын тікелей ойнатқыштың USB

портына жалғаңыз. USB кабелі арқылы жалғау

үйлесімділік мәселелерін туғызуы мүмкін.

• Бірнеше ұялы карта оқу құрылғысына бірнеше

жад құрылғысы жалғанса, карта оқу құрылғысы

дұрыс істемеуі мүмкін.

• Ойнатқыш PTP протоколын қолдамайды.

• Жүктеліп жатқанда, USB құрылғысын ажыратпаңыз.

• Бейне ажыратымдылығы неғұрлым үлкен болса,

оның көрсетілуіне соғұрлым ұзақ уақыт кетеді.

• Бұл ойнатқыш коммерциялық сайттардан жүктеп

алынған DRM (сандық құқықтарды басқару)

құқықтары бар MP3 файлдарын ойната алмайды.

• Ойнатқыш 30 кадр/с (кадр жиілігі) жылдамдығынан

аспайтын бейнелерді ғана қолдайды.

• Ойнатқыш флеш-құрылғылар мен USB HDD

құрылғылары сияқты USB ақпарат сақтау

класындағы (MSC) құрылғыларды ғана

қолдайды. (Хабқа қолдау көрсетілмейді.)

• Кейбір USB HDD құрылғылары, бірнеше карта

оқу құрылғылары және флеш-құрылғылар осы

ойнатқышпен үйлесімді болмауы мүмкін.

• Кейбір USB құрылғылар шамадан тыс қуат

қажет етсе, олар тізбекті қорғау құралы

тарапынан шектелуі мүмкін.

• USB HDD құрылғысынан ойнату қалыпты

болмаса, HDD құрылғысын розеткаға қосу

арқылы қосымша қуат беріңіз.

Мәселе шешілмесе, USB HDD құрылғысының

өндірушісіне хабарласыңыз.

• SAMSUNG компаниясы кез келген деректер

файлының зақымдалуына немесе деректердің

жоғалуына жауапты емес.

• Ойнатқыш NTSF қысылған, үздіксіз емес немесе

шифрланған файлдарды қолдамайды.

- USB құрылғысын компьютерде жөндеуге немесе

пішімдеуге болады. (Тек MS-Windows амалдық

жүйесі)

AVCHD (Күрделі бейне кодек – жоғары

айқындық)

• Бұл ойнатқыш AVCHD пішімді дискілерді

ойната алады. Бұл дискілер әдетте

бейнекамераларда жазылады және

қолданылады.

• AVCHD пішімі – айқындығы жоғары сандық

бейне камера пішімі.

• MPEG-4 AVC/H.264 пішімі әдеттегі сурет

қысу пішіміне қарағанда суреттерді жақсырақ

қысады.

• Кейбір AVCHD дискілері «x.v.Color» пішімін

қолданады. Бұл ойнатқыш «x.v.Color» пішімін

пайдаланатын AVCHD дискілерін ойната

алады.

• «x.v.Color» – Sony корпорациясының сауда

белгісі.

• «AVCHD» және AVCHD логотипі – Matsushita

Electronic Industrial Co., Ltd. және Sony

корпорациясының сауда белгілері.

|ЕСКЕРТПЕЛЕР |

\

Жазылу жағдайларына қарай кейбір AVCHD пішімді дискілер

ойнатылмауы мүмкін.

AVCHD пішімді дискілерді пішімдеу керек.

\

«x.v.Color» түс диапазоны қалыпты DVD камкордер

дискілеріндегіге қарағанда кеңірек болады.

|

12

Қазақша

[BD-F6500-RU]AK68-02348U-06KAZ-SEIN-.indd 12

2014-06-02 오후 6:25:57

Advertising