Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F6500
Страница 167
04
Параметрлер
6. Енгізілетін мәнді (мысалы, IP мекенжайы)
таңдап, v түймесін басыңыз. Қашықтан
басқару құралындағы санды түймелерді
пайдаланып, мән үшін сандарды енгізіңіз.
Сондай-ақ, сандарды ▲▼ түймелерінің
көмегімен де енгізуге болады. Мән ішінде
бір жазба өрісінен екіншісіне жылжу үшін
қашықтан басқару құралындағы ◄►
түймелерін пайдаланыңыз. Болғаннан
кейін, v түймесін басыңыз.
7. Басқа мәнге жылжу үшін ▲ немесе ▼
түймесін басыңыз, одан кейін сол мән үшін
6-қадамдағы нұсқауларды орындай отырып
сандарды енгізіңіз.
8. Барлық мәндерді толтырғанша, 6 және
7-қадамдарды қайталаңыз.
|ЕСКЕРТПЕЛЕР |
\
Желі мәндерін Интернет провайдерінен алуға болады.
9. Аяқтағаннан кейін OK опциясын таңдап,
v
түймесін басыңыз. Security (Қауіпсіздік)
экраны көрсетіледі.
10. «Қауіпсіздік» экранында желінің қауіпсіздік
кодын немесе құпия сөз тіркесін енгізіңіз.
Қашықтан басқару құралындағы сан
түймешіктерінің көмегімен сандарды
тікелей енгізіңіз. Әріпті ▲▼◄►
түймешіктерінің көмегімен таңдау арқылы
енгізіп, содан кейін v түймесін басыңыз.
11. Аяқтағанда, экранның оң жағындағы
Дайын тармағын таңдаңыз да, v түймесін
басыңыз.
Ойнатқыш желі қосылымын тексеріп, одан
кейін желіге қосылады.
12. Ойнатқыш желіні тексергеннен кейін OK
тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.
Ğ
WPS(PBC)
1. Басты экранда Параметрлер тармағын
таңдап, v түймесін басыңыз.
2. Желі тармағын таңдап, содан кейін v
түймесін басыңыз.
3. Желі параметрлері тармағын таңдап, v
түймесін басыңыз.
4. «Желі параметрлері» экранында Сымсыз
параметрін таңдап, v түймесін басыңыз.
5. Қашықтан басқару құралындағы ▲ түймесін
басыңыз, одан кейін ► түймесін басып,
WPS(PBC) тармағын таңдаңыз.
6. Қашықтан басқару пультіндегі v түймесін
басыңыз. «PBC түймесін басыңыз» хабары
шығады.
7. Екі минут ішінде маршрутизатордағы
WPS(PBC) түймесін басыңыз. Ойнатқыш
өзіне керекті желі параметрлерінің мәндерін
автоматты түрде алып, желіңізге қосылады.
«Желі күйі» экраны көрсетіледі. Ойнатқыш
желіге желі қосылымы расталғаннан кейін
қосылады.
Ğ
WPS(PIN)
Бастамас бұрын компьютердегі
маршрутизатордың орнату мәзірін ашыңыз да,
WPS PIN кодын енгізу өрісі бар экранды ашыңыз.
1. Басты экранда Параметрлер тармағын
таңдап, v түймесін басыңыз.
2. Желі тармағын таңдап, содан кейін v
түймесін басыңыз.
3. Желі параметрлері тармағын таңдап, v
түймесін басыңыз.
4. «Желі параметрлері» экранында Сымсыз
параметрін таңдап, v түймесін басыңыз.
Ойнатқыш бар желілерді іздеп, оларды тізім
түрінде көрсетеді.
5. Қажетті желіні таңдап, ► түймесін басыңыз.
6. WPS(PIN) тармағын таңдап,
v
түймесін басыңыз. PIN қалқымалы
терезесі пайда болады.
7. Маршрутизатордың орнату экранындағы
WPS PIN енгізу өрісіне PIN кодты енгізіп,
экранды сақтаңыз.
|ЕСКЕРТПЕЛЕР |
\
Маршрутизатордың Орнату экрандарын ашу жолын
түсіндіретін нұсқауларды алу үшін маршрутизаторды
өндірушіге хабарласыңыз не болмаса маршрутизатордың
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
\
WPS қосылымы үшін сымсыз маршрутизатордың қауіпсіздік
шифрлауын AES деп орнатыңыз. WEP қауіпсіздік шифрлауы
WPS қосылымын қолдамайды.
Қазақша
29
|
[BD-F6500-RU]AK68-02348U-06KAZ-SEIN-.indd 29
2014-06-02 오후 6:26:03