Орнату кезіндегі ескерту белгілері, Қолдану кезіндегі қатаң ескерту белгілері – Инструкция по эксплуатации Samsung RL55VQBRS
Страница 105
Қауіпсіздік туралы ақпарат
_3
• Тоңазытқышты пайдаланбас бұрын
нұсқаулыққа сәйкес ыңғайлы жерге қойып
орнату қажет.
• Тоңазытқышты қозғалтқан кезде қуат алатын
шнурдың зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
- Қуат алатын шнурдың зақымдануы өрттің
шығуына әкеп соғуы мүмкін.
• Қуат алатын шнурды тоңазытқыштың артқы
қабырғасына тым тақап қоймаңыз – оның
зақымдануы мүмкін.
• Қаптама материалдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Егер балалар сол материалдарды бастарына кисе,
тұншығып өліп кету қаупі бар.
• Тоңазытқышты орнатқаннан кейін қуат алатын
шнурдың тікелей қосылуын қамтамасыз ету
қажет.
• Тоңазытқышты жерге қосу қажет.
-
Электр тогының жылыстауы кезінде
зақымданбас үшін тоңазытқышты жерге қосқан жөн.
• Жерге қосу нүктесі ретінде газ құбырларын,
телефон желілері немесе басқа да электр тогы
өткізгіштерін пайдаланбаңыз.
- Жерге қосылатын ажыраманы дұрыс
пайдаланбау электр тогымен зақымдануға әкеп
соғуы мүмкін.
• Қуат алатын шнур зақымданған жағдайда
оны ауыстыру үшін тез арада дайындаушыға
немесе техникалық қызмет көрсету қызметіне
жүгініңіз.
• Тоңазытқыштың балқығыш сақтандырғышын
ауыстыруды білікті маман немесе қызмет
орталығы жүзеге асыруы тиіс.
- Бұл талаптарды орындамау электр тогымен
зақымдануға немесе жарақаттануға әкеп соғуы
мүмкін.
ОРНАТУ КЕЗІНДЕГІ
ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
• Желдеткіш тесіктерде немесе бекіту
құрылымында ешқандай кедергінің
жоқтығына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны орнатқаннан кейін, оны қоспас
бұрын екі сағаттай күте тұрыңыз.
ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ
ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ
БЕЛГІЛЕРІ
• Қуат алатын шнурдың айырын розеткаға су
қолмен сұқпаңыз.
• Тоңазытқыштың үстіне ауыр зат қоймаңыз.
- Есікті ашып-жапқанда ол зат құлап, жарақаттауы
немесе құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
• Тоңазытқышқа сұйықтық құйылған ыдыстарды
салмаңыз.
- Сұйықтық төгіліп қалған жағдайда өрттің шығу
немесе электр тогымен зақымдану қаупі бар.
• Балалардың тоңазытқыш есігіне асылып
ойнауына жол бермеңіз.
Олар айтарлықтай жарақат алуы мүмкін.
• Балалардың тоңазытқыш ішіне кіруіне жол
бермеңіз. Балалардың шыға алмай қалу қаупі бар.
• Қолыңызды құрылғының астына қоймаңыз.
- Өткір ұштары тіліп кетуі мүмкін.
• Балаларға жәшіктің қақпағын басқызбаңыз.
- Оны сындырып алу немесе сырғанап кету қаупі бар.
• Тоңазытқышқа тым көп азық-түлік салмаңыз.
- Есігін ашқан кезде азық-түліктер құлап,
жарақаттауы немесе құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
• Саусағыңызды диспенсердің тесігіне сұқпаңыз
және оған бөгде заттардың тұрып қалмауын
қадағалаңыз.
- Бұл жарақаттауы немесе құрылғыны бүлдіруі
мүмкін.
• Тоңазытқышта ұшатын және тез тұтанатын
заттарды сақтамаңыз.
- Бензол еріткіші, спирт, эфир, сұйытылған
мұнай газ немесе осы тектес басқа да заттар
жарылысқа әкеп соғуы мүмкін.
ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ
ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ
БЕЛГІЛЕРІ (ЖАЛҒАСЫ)
• Тоңазытқышта медициналық, химиялық
немесе температураның өзгеруіне сезімтал
басқа да заттарды сақтамаңыз.
- Қатаң температуралық бақылауды талап ететін
заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.
• Дайындаушы ұсынған электр аспаптарынан
басқа аспаптарды тоңазытқыштың ішінде
пайдаланбаңыз және орнатпаңыз.
• Мұздату камерасының ішкі қабырғаларын немесе
ондағы азық-түліктерді дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз.
- Олай болмаған жағдайда қолыңыздың жабысып
қалу қаупі бар.
АБАЙЛАҢЫЗ
WARNING
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!