Тазалау кезіндегі ескерту белгілері, Тазалау кезіндегі ескерту белгілері (жалғасы), Кәдеге тастау кезіндегі қатаң ескерту белгілері – Инструкция по эксплуатации Samsung RL55VQBRS
Страница 107
Қауіпсіздік туралы ақпарат
_5
• Суға арналған ыдысты, мұзға арналған науа мен
қалыпты ауызсумен ғана толтырыңыз.
ТАЗАЛАУ КЕЗІНДЕГІ
ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
• Тоңазытқыштың ішіне және оның сыртқы
қабатына судың тікелей тиіп кетуінен
сақтаңыз.
- Олай болмаған жағдайда өрт шығу немесе электр
тогымен зақымдану қаупі бар.
• Тез тұтанатын заттарды тоңазытқыштың
қасында тұрып шашпаңыз.
- Олай болмаған жағдайда жарылу немесе өрт
шығу қаупі бар.
• Тазалағыш құралдарды экранға тікелей
шашпаңыз.
- Бұл экранға жазылған әріптерді өшіріп тастауы
мүмкін.
ТАЗАЛАУ КЕЗІНДЕГІ
ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
(ЖАЛҒАСЫ)
• Қуат алатын шнур айырының істігіндегі
кір мен шаңды тазалаңыз. Айырын тазалаған
кезде сулы немесе дымқыл матаны пайдаланбаңыз;
кір мен шаңды тазалаңыз.
- Өрт шығу немесе электр тогымен зақымдану
қаупі бар.
• Тоңазытқышты тазалау және жөндеу
алдында оны розеткадан суырып тастау қажет.
КӘДЕГЕ ТАСТАУ
КЕЗІНДЕГІ ҚАТАҢ
ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
• Осы немесе кез келген тоңазытқышты
кәдеге тастамас бұрын оның есіктері
мен есіктің тығыздағыштарын шешіп алып
тастаңыздар. Бұл кішкентай балалар немесе
жануарлар тоңазытқыштың ішінде қамалып
қалмауы үшін жасалуы тиіс. Балалардың
тоңазытқышпен ойнауына жол бермеңіз.
• Құрылғының қаптамасы кәдеге тастаған кезде
қоршаған ортаға зиян тигізбейтіндігіне көз
жеткізіңіз.
• Тоңазытқыш бала үшін қақпан бола алады деген
қауіп бар. Ескі тоңазытқышты тастамас бұрын
төмендегі әрекеттерді орындаңыз.
- Есіктерін алып тастаңыз.
- Балалар ішіне кіріп кетпес үшін сөрелерді орнында
қалдырыңыз.
• Құрылғыны кәдеге тастамас бұрын оның артқы
жағында орналасқан түтіктердің бірде-біреуінің
зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
• Хладагент ретінде R600a немесе R134а
қолданылады. Тоңазытқышта нақты қай хладагент
қолданылатынын білу үшін құрылғының артқы
жағындағы компрессордың жапсырмасын немесе
тоңазытқыштың ішіндегі құжаттық кестесіне қарап
салыстырыңыз. Егер бұл құрылғыда тұтанғыш газ
(R600a хладагенті) болатын болса, онда жергілікті
билік органдарының тоңазытқышты кәдеге тастау
қауіпсіздігі жайлы кеңесіне жүгініңіз. Оқшаулағыш
материалдың құрамында циклопентан бар.
Оқшаулағыш материалды үрлеуге қажетті газдар
кәдеге тастаудың ерекше тәртібін қажет етеді.
Мұндай газдарды қоршаған ортаға зиянын тигізбей
кәдеге тастау үшін жергілікті билік органдарына
хабарласыңыз. Құрылғыны кәдеге тастамас бұрын
оның артқы жағында орналасқан түтіктердің
бірде-біреуінің зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
Түтіктерді ашық жерге шығарып тастау қажет.
• Изобутан хладагенті (R600a) қоршаған ортаға
қауіпсіз, алайда тез тұтанғыш келетін табиғи газ
болып табылады. Хладагент контурын бүлдіріп
алмас үшін құрылғыны тасымалдау және орнату
кезінде абай болу қажет.
• Хладагент шыққан жағдайда көзіңізге зақым
келтіруі немесе тұтанып кетуі мүмкін. Газдың
шыққаны байқалған жағдайда, ашық оттың
барлық көздері мен өртенуі мүмкін деген заттарды
шығарып, содан кейін құрылғы тұрған бөлмені
бірнеше минут желдетіңіз.
• Хладагент контуры зақымданған жағдайда
тез тұтанатын газ-ауа қоспасының түзілуін
болдырмау үшін құрылғыны орнататын бөлменің
көлемін қолданылатын хладагенттің мөлшеріне
сәйкес таңдау қажет. Құрылғыда қандай да бір
зақымдану белгілері болса, оны ешқашан қоспаңыз.
Күмәнданған жағдайда сатушыдан кеңес алыңыз.
R600a хладагентінің әрбір 8 грамына 1 м3 тең
болуы қажет. Құрылғыңыздағы хладагенттің нақты
мөлшері тоңазытқыш ішіндегі құжаттық кестеде
көрсетілген.
АБАЙЛАҢЫЗ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!