Мазмұны – Инструкция по эксплуатации Samsung RL55VQBRS

Страница 108

Advertising
background image

6_

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Мазмұны

ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ ТЕҢШЕУ ·············································

7

ТОҢАЗЫТҚЫШПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ·····························································

13

АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ·····················································································

19

ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ
БОЙЫНША ҚОСЫМША
КЕҢЕСТЕР

• Электр қуаты өшкен жағдайда энергетикалық

компанияның жергілікті кеңсесіне хабарласып,
жөндеу жұмыстарының қашанға дейін
созылатындығын біліңіз.

- Электр қуатының өшуі ақаулықтар бір немесе

екі сағат ішінде шеттетіледі де, тоңазытқыштың
жұмысына әсер етпейді. Соған қарамастан
электр қуаты өшкен кезде тоңазытқыштың есігін
мейлінше аз ашуға тырысыңыз.

- Егер электр қуатының өшуі 24 сағаттан асып

кетсе, мұздатылған азық-түліктердің барлығын
мұздату камерасынан алып тастаңыз.

• Тоңазытқыштың жиынтығына кілттер енген

болса, оларды балалардың қолы жетпейтін,
құрылғының өзінен алысырақ жерде сақтау керек.

• Құрылғыны ұзақ уақыт бойы жұмыс

температурасының номиналды диапазонының ең
төменгі мәнінен төмен болатын бөлмеге орнатқан кезде
бірқалыпты жұмыс істемеуі мүмкін (тоңазытқыштағы
температураның көтеріліп кету қаупі бар).

• Тез бұзылатын тағамдарды (мысалы, банан,

қауын) төменгі температурада сақтамаңыз.

• Құрылғыны қолмен ерітудің қажеті жоқ, ол

автоматты түрде жүзеге асады выполняется
автоматически.

• Еріту барысындағы температураның жоғарылауы

ISO стандартының талаптарына сәйкес келеді.
Еріту барысында мұздатылған тағамдардың
температурасын жоғарылатпау үшін олардың
әрқайсысын қабаттап газет парақтарына орап
қойыңыз.

• Еріту барысында мұздатылған тағамдардың

температурасының жоғарылауы мұндай
тағамдардың сақтау мерзімін қысқартады.

Электр энергиясын үнемдеу
бойынша кеңестер

- Тоңазытқышты жеткілікті дәрежеде желдетілетін

салқын, құрғақ бөлмеге орнатыңыз.
Оған күн сәулесінің тікелей түспегендігін
қамтамасыз етіңіз және оны тікелей жылу көздерінің
жанына орнатпаңыз (мысалы, жылыту батареялары).

- Тоңазытқыштың тесіктерін немесе шарбақтарын

ешқашан жаппаңыз.

- Жылы тағамды тоңазытқышқа салмас бұрын бөлме

температурасына дейін суытып алыңыз.

- Мұздатылған азық-түліктерді еріту үшін тоңазыту

камерасына салыңыз. Бұл жағдайда сіз мұздатылған азық-
түліктің төмен температурасын тоңазыту камерасындағы
азық-түліктерді суыту үшін қолдана аласыз.

- Тоңазытқышқа азық-түлікті салу немесе одан азық-

түлікті алу кезінде оның есігін ұзақ уақыт ашып
қоймаңыз. Есік барынша сирек ашылса, мұздату
камерасында мұздың қатуы да барынша аз болады.

- Тоңазытқыштың артқы жағын ұдайы тазартып

отырыңыз. Шаң электр энергиясын тұтынуды арттырады.

- Температураны қажетті деңгейден төмен қоймаңыз.
- Тоңазытқыштың асты мен артқы жағында ауа

алмасуы үшін жеткілікті орын қалдыру керек.
Желдету тесіктерін жаппаңыз.

- Тоңазытқышты орнату кезінде оң, сол, артқы және

үстіңгі жақтарынан саңылау қалдырыңыз. Бұл
сіздің электр энергиясын тұтынуыңызды азайтады
және осыған сәйкес электр энергиясына төлем
сомасын да азайтады.

Advertising