Ақаулықтарды жою – Инструкция по эксплуатации Samsung RL55VQBRS
Страница 121
Ақаулықтарды жою
_19
03
АҚАУЛЫҚТАРДЫ
ЖОЮ
Ақаулықтарды жою
АҚАУЛЫҚ
ШЕШІМ
Құрылғы мүлдем
жұмыс істемейді немесе
температурасы тым жоғары.
• Қуат алу шнуры айырының дұрыс қосылғандығын тексеріңіз.
• Алдыңғы панельдегі температураның дұрыс белгіленгендігін тексеріңіз.
• Құрылғының күн сәулесі тікелей түсетін жерде немесе жылу көзінің
жанында орналаспағандығын тексеріңіз.
• Құрылғының қабырғаға тым тақап қойылмағандығын тексеріңіз.
Тоңазытқыштағы азық-
түліктер үсіп кетеді.
• Панельдегі температураның тым төмен еместігін алдыңғы тексеріңіз.
• Бөлмедегі температураның тым төмен еместігін тексеріңіз.
Іске қосылып тұрған кезде
біртүрлі дыбыстар шығады.
• Құрылғының мықты әрі түзу жерге орнатылғандығына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының қабырғаға тым тақап қойылмағандығын тексеріңіз.
• Құрылғының артына немесе оның астына бөгде заттардың түсіп
кетпегендігін тексеріңіз.
• Компрессордың әсерінен шу шығып тұрма, тексеріңіз.
• Құрылғының әртүрлі бөліктері тарылған немесе кеңейген жағдайда
тықылдаған дыбыстар шығады.
Құрылғының алдыңғы
бұрыштары мен
қапталдары жылы және ол
жерлерде су тамшылары
жинала бастайды.
• Конденсатты болдырмас үшін құрылғының алдыңғы бұрыштарында
жылу ұстағыш түтіктер орнатылған. Сыртқы температура жоғары
болған жағдайда олар әрдайым тиімді бола бермейді. Соған қарамастан,
мұнда тұрған ештеңе жоқ.
• Ауадағы ылғал салқын жермен әрекеттескенде конденсат пайда болады.
Құрылғыдан сұйықтықтың
сылдырлаған дыбыстары
естіледі.
• Бұл құрылғының ішкі бөлігін салқындатып жатқан хладагент.
Құрылғының ішінен
жағымсыз иіс шығады.
• Тоңазытқышта бұзылған тағамдардың жоқтығын тексеріңіз.
• Балық тәрізді иісі ерекше шығатын тағамдардың мықтап оралғандығын
тексеріңіз.
• Тоңазытқышты бұзылған тағамдардан үнемі тазартып отырыңыз.
Құрылғының
қабырғаларында қыраулы
қақ пайда болды.
• Сақталынған азық-түліктер желдеткіш тесіктерін жауып
қалмағандығын тексеріңіз.
• Тағамдарды құрылғының желдеткішіне кедергі келтірмейтіндей етіп
орналастырыңыз.
• Есіктің мықтап жабылғандығын тексеріңіз.
Құрылғының ішкі
қабырғасында және
онда сақталып тұрған
көкөністерде конденсат
пайда болады.
• Бұл, егер құрылғыда құрамында сұйықтығы көп азық-түліктер тиісті
түрде қапталмай салынса немесе есік тым ұзақ ашық тұрған жағдайда
болады.
• Азық-түліктерді қаптамасымен немесе герметикалық ыдыспен
сақтаңыз.