Реттеу, Tv aspect (теледидар экранының пішімі), Bd wise (тек samsung өнімдерінде) – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-C5550

Страница 231: Resolution (ажыратымдылық)

Advertising
background image

30

Қазақша

Реттеу

Display (Дисплей)

TV Aspect (Экран пішімі), Resolution
(Ажыратымдылық), т.б. сияқты түрлі дисплей
параметрлерін реттеуге болады.

TV Aspect (Теледидар экранының пішімі)

Теледидардың түріне қарай экран
параметрлерін реттеу керек болуы мүмкін.

16:9 Normal

16:9 Normal (Қалыпты)
режимі таңдалған жағдайда
белгілі бір фильмдер
(көзі: 4:3) 4:3 Пошта
жəшігі пішімінде (бейненің
жақтарында қара жолақтар
болады) көрсетіледі.

16:9 Wide

16:9 пішіміндегі толық
бейнені кең экранды
теледидарда көруге болады.

4:3 Letter Box

Теледидардағы экран пішімі
4:3 болып, Blu-ray/DVD
дискіге 16:9 пішімінде
жазылған бейнені толық
көру қажет болса, таңдаңыз.
Экранның жоғары жəне
астыңғы жақтарында қара
жолақтар пайда болады.

4:3 Pan-Scan

Теледидардағы экран пішімі
4:3 бола тұрып, бейнені
үстіңгі жəне астыңғы
жолақсыз Blu-ray/DVD дискісі
қамтамасыз ететін 16:9
пішімінде толық көру қажет
болса, осыны таңдаңыз
(бейненің шеткі сол жəне оң
жақ бөліктері көрсетілмейді).

ЕСКЕРТПЕ

Диск түріне байланысты кейбір кадр

пішімдерін қолдану мүмкін болмайды.

Теледидардың кадр пішімінен өзге болатын кез

келген кадр пішімі мен параметр таңдалғанда

бейне дірілдеп тұрған сияқты болып көрінуі мүмкін.
4:3 Pan-Scan немесе 4:3 Letter Box режимі
таңдалғанда қашықтан басқару пультінде
FULL SCREEN түймесін басу арқылы бейнені
толық экранды көру мүмкін болмайды.

BD Wise (тек Samsung өнімдерінде)

BD Wise – Samsung компаниясының ең соңғы дерек
алмасу мүмкіндігі.
HDMI арқылы BD-Wise қызметі бар Samsung
өнімдерін бір біріне жалғаған уақытта ең оңтайлы
ажыратымдылық автоматты түрде орнатылады.

Off

: Дискінің ажыратымдылығына қарамастан,

шығыс сигналының ажыратымдылығы алдын
ала орнатылған Ажыратымдылық параметрінің
мəніне сай орнатылады.
On

: BD/DVD дискінің бастапқы ажыратымдылығы

теледидар экранына тікелей шығарылады.

ЕСКЕРТПЕ

BD Wise ажыратымдылығын өзгерту қажет
болса, алдымен BD Wise параметрін Off
(Өшіру) мəніне орнату қажет болады.
BD Wise параметрі өшірілсе, жалғанған
теледидардың автоматты түрде ең жоғарғы
ажыратымдылыққа орнатылады.
Өнім BD Wise параметрін қолдамайтын
құрылғыға жалғанған жағдайда, BD Wise
функциясын қолдану мүмкін болмайды.
BD Wise параметрінің дұрыс жұмыс атқаруы
үшін, өнім пен теледидардың BD Wise мəзірін
тиісінше On (Қосу) мəніне орнатыңыз.

Resolution (Ажыратымдылық)

Құрамдас бөлік пен HDMI бейне сигналының
шығыс ажыратымдылығын реттейді.
1080p, 1080i, 720p, 576p(480p), 576i(480i) дегендегі
сандар бейненің жолақ санын білдіреді.
«i» жəне «p» əріптері тиісінше жоларалық жəне
прогрессивті сканерлеуді білдіреді.

Auto

: Оңтайлы ажыратымдылықты автоматты

түрде тексереді жəне орнатады. (тек HDMI)
BD Wise

: BD Wise функциясы бар теледидарға

HDMI арқылы жалғанған уақытта оңтайлы
ажыратымдылықты автоматты түрде орнатады.
(BD Wise мəзір элементі тек BD Wise қосылған
уақытта көрсетіледі.) (тек HDMI)
1080p

: Прогрессивті бейненің 1080 жолағын

шығарады. (тек HDMI)
1080i

: Жоларалық бейненің 1080 жолағын шығарады.

720p

: Прогрессивті бейненің 720 жолағын шығарады.

576p/480p

: Прогрессивті бейненің 576(480)

жолағын шығарады.
576i/480i

: 576i/480i : Жоларалық бейненің 576(480)

жолын шығарады. (Тек Component (Құрамдас бөлік)
пен VIDEO (БЕЙНЕ) режимдерінде)



HT-C5500_CIS_KAZ_0916.indd 30

HT-C5500_CIS_KAZ_0916.indd 30

2010-09-16 3:45:47

2010-09-16 3:45:47

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: