Басқа ақпарат – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-C5550
Страница 262
Қазақша
61
06
Басқа
ақпарат
Ақаулықтарды жою
Өнім дұрыс жұмыс істемегенде, төмендегі кестені қараңыз. Мəселе төменде бар болса немесе
төмендегі нұсқау көмектеспесе, құрылғыны өшіріп, қуат сымын суырыңыз жəне ең жақын
өкілетті дилерге немесе Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Белгі
Тексеру/шешімі
Диск шығарылмайды.
• Қуат сымы розеткаға дұрыс қосылған ба?
• Қуат көзін өшіріп, қайта қосыңыз.
Ойнатылу басталмайды.
• BD/DVD дискісінің аймақ нөмірін тексеріңіз. Шетелден алынған
BD/DVD дискілері ойнатылмауы мүмкін.
• Бұл өнімде CD-ROM жəне DVD-ROM дискілері ойнатылмайды.
• Рейтинг деңгейі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
Play/Pause (Ойнату/Кідірту)
түймесі басылғанда
ойнатылу бірден
басталмайды.
• Пішімі бұзылған дискіні немесе бетінде сызаттар бар дискіні
қолданып жатқан жоқсыз ба?
• Дискіні тазалап сүртіңіз.
Дыбыс шықпайды.
• Жылдам ойнату, баяу ойнату жəне сатылы қозғалыспен
ойнатқанда дыбыс естілмейді.
• Динамиктер дұрыс қосылған ба? Динамик дұрыс реттелген бе?
• Диск қатты зақымдалған ба?
Дыбыс барлық 6
динамиктен емес тек
бірнеше динамиктен
шығады.
• Кейбір BD/DVD дискілерінде дыбыс тек алдыңғы динамиктер
арқылы шығады.
• Динамиктердің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
• Дыбыс деңгейін реттеңіз.
• CD дискісі, радио немесе теледидар тыңдалып жатқанда дыбыс
тек алдыңғы динамиктерден беріледі.
Барлық алты динамикті пайдалану үшін, қашықтан басқару
пультіндегі
PL II (Dolby Pro Logic II) басып, PRO LOGIC II
таңдаңыз.
Dolby Digital 5.1 арналы
көлемдік дыбыс
берілмейді.
• Дискіде «Dolby Digital 5.1 CH» белгісі бар ма? Dolby Digital 5.1
арналы көлемдік дыбыс диск 5.1 арналы дыбыспен жазылғанда
ғана беріледі.
• Ақпараттық экранда дыбыс тілі Dolby Digital 5.1-CH дегенге
дұрыс орнатылған ба?
Қашықтан басқару пульті
жұмыс істемейді.
• Қашықтан басқару пульті жұмыс диапазонында қолданылып
жатыр ма?
• Батареялардың заряды біткен бе?
• Қашықтан басқару пультінің режим (TV/BD) функциялары (TV
немесе BD) дұрыс таңдалған ба?
• Диск айналып жатыр,
бірақ бейне жоқ.
• Бейненің сапасы нашар
жəне дірілдейді.
• Теледидардың қосылған ба?
• Бейне кабельдері тиісті түрде қосылған ба?
• Диск кір немесе зақымдалған ба?
• Нашар жасалған диск ойнатылмауы мүмкін.
Дыбыс жолының тілі жəне
субтитрлер істемейді.
• Дискінің ішінде болмаса, дыбыс тілі жəне субтитрлер істемейді.
Мəзір функциясы
таңдалса да, мəзір экраны
шықпайды.
• Ішінде мəзірлер жоқ дискіні пайдаланып жатқан жоқсыз ба?
Басқа ақпарат
HT-C5500_CIS_KAZ_0916.indd 61
HT-C5500_CIS_KAZ_0916.indd 61
2010-09-16 3:46:42
2010-09-16 3:46:42